+4 дауыс
1.3k көрілді
Кешегі апта тәуелсіздік мейрамында ауылға барып қайттым. 4 күнгі демалыстың үш күні жолға кетіп қалды бірақ. Қайтардағы қызықтарды айтайын деп отырмын. Күндіз қар борап тұрғасын ,мен қайтамын дегенде қараңғы түсіп қалып еді.Үйден шығып отырғанымыз сол еді, дарбаза жақтан бір нәрсе сұмдық жанып тұрған сияқты болды. Міне қызық,барып қарасам кәдімгі мысық.Екі көзі түнде керемет жанады екен. Сонымен жолға шықтық, тау асуынан түсіп келе жатсақ тағы бір жанған нәрсеге тап болдық. Сол сәтте ойыма аңшы жездемнің " түнде келе жатып екі жанған нәрсенің ортасын дәлдеп тұрып, шүріппені бассаң болды, қасқыр ату қиын емес" дегені түсе қалды. Қасқыр ғой бұл дедім жан дауысым шығып. Машинаны бірнеше жанған көздер қоршап жүріп , артта қалып кетті. Арада сағат қалдырып үлкен трассаға шықтық. Жол белгілері жанып тұр. Жол белгілері неге түнде жылтырап кетеді?!Ағам екеуміз түсіп барып ұстап көрдік, жай ғана темір . Машинаның фарына жанып көрінеді дейді жауап таппаған ағам. Енді сіздерге сұрақтар: Мысық пен қасқырдың көзі неге түнде жанады? Жол белгілері неге түнде жанып көрінеді?

3 жауап

+4 дауыс

Көркем қыз! Жол белгілері мен машина номерлері үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты - темір қаңылтыр. Оның бетіне жарық қайтаратын (светоотражающий) фольга жапсырылган. Сол фольгаға жартылай мөлдір бояулармен тиісті белгілер жазылады.

+4 дауыс

Бұл көзден және жол белгісінен кері шағылысқан жарық ешқандай жанған емес 

+2 дауыс

ол жанбайды шағылысады .Ал мысық пен қасқыр ғана емес ит сиыр қой тб көздері жанады

...