+1 дауыс
6.9k көрілді

Өз Отаныңын, Қазақ елінің, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ. Менің отаным Қазақстан тақырыбында шығарма өлең жазу керек?

4 жауап

0 дауыс

Отаным десем,ойыма…
Түсер еске ақсақалды қариям,
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Егеменді, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Түсер еске Махамбеттей батырлар,
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның өр намысты киесі –
Мен сүйетін қалың қазақ , халқым бар

Менің Отаным- Қазақстан.

Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен , мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер , асқақ арман жетегінде , отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл – қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп , мекен етіп , береке – бірлікте , достық қарым – қатынаста , тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан –жақты ойлап , кемел ойлы , кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының , азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Біз ұлы ата – бабаларымыздың арқасында ғана тәуелсіздікке жеттік. Олар көптеген шайқастарға қатысып , қан төгіп , Отан үшін отқа түсті.

Өткен тарихымызды еске алсақ , қазақтар көп қиыншылықты басынан өткізді. Кедейлік , қиын өмір , Ұлы Отан соғысы , Сталиннің репрессиялары.

Сталинның репрессияларынын құғынымен барлық инғуштар Қазақстанға келді. Менің әжем де солардың арасында болды.

Уақыт өте қиын болғандықтан , қазақ халқы инғуштарды ашық , таза жүрекпен қарсы алып , өз қонақжайлығын көрсетті. Біртілім нанды бөліп жеді.

Мен бұл қиын уақыт туралы әжеме көп сұрақ  қоятынмын. Бұл заман туралы әжем маған көп әңгіме айтты.

Әскерлер үйге кенет келіп , инғуш халқын тарихи Отанынан жер аударды. Қазақстанға келіп , қазақ елі оны қалай қарсы алатынын білмеді. Бірақ қазақ елі оны өз қонақжайлығымен таң қалдырды. Қазақ елі , қиыншылыққа , кедейлікке қарамай , оларды тастамай , ашық жүрекпен қарсы алды. Әжемнің отбасы үлкен болды. Оларды өзінің панасына алған бір қазақ отбасы туралы әжем көз жасын сүртіп , риза болғанын бізге айтып отырды. Сол отбасының иесі атам мен әжемнің жұмысқа орналасуына көмектесті. Әжем қазақ елін туған еліндей сүйді. Достарының көбі қазақтар болды. Әжем қазақтармен тату – тәтті тұрып , олар бір – біріне әрқашан көмек көрсетуге дайын болды.

Уақыт өткеннен соң , әжем қазақ елінің салт – дәстүрлерін үйреніп , қазақ тілін де жетік үйренді.

Менің әжем өз Отанының нағыз патриоты!

Қазір біз тату – тәтті , бірлікпен , ыңтымақпен тұрамыз. Ғасырлар бойы жасаған халқымыздың ерлік істері нәтижесіз емес! Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздікке жетті. Дүние жүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәулсіз республика болып таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз , халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз , Елтаңбамыз бар.

Ал табиғаты қандай тамаша! Жасыл жайлау , төбесі көкке жететін таулар , терең теңіздер , көгілдір көлдер мен өзеңдер – бұның бәрі тек мен үшін жасалған. Ілияс Жансүгіров «Дала» деген өлеңінде:

Жүрегім , жырым сенікі,
Келісті далам, кең далам
Тудым , өстім, есейдім,
Ен далам –анам, мен – балаң,-деп сүйсінген.

Тәуелсіздікпен, бірлікпен, татулықпен, рәміздерімен бірге Қазақстанда мемлекеттік тілі де бар.

Тіл – бағы жетпес мұра! Тіл бізді біріктіреді , достығымызды нығайтады. Бірде «мен өзіме , қазақ тілі не үшін керек?» - деп сұрақ қойдым. Менің ұлтым – инғуш. Бірақ мен Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі – менің екінші ана тілім.

Ұлы қазақ жазушылары , ақындары ,күйшілерінің шығармалары , күйлері , поэмалары ұрпақтан –ұрпаққа жалғысып келеді. Осы баға жетпес құндылықтарды білу – менің парызым , мен қазақ тілі арқылы осы байлықты меңгеремін. Өзіме мынадай мақсат қойдым: болашақта қазақ тілді жетік біліп , елімнің мақтанышы боламын. Қазір менің тілегім орындалып жүр. Жақсы оқимын , көптеген қалалық  , облыстық сайыстарға қатысып , жүлделі орынға ие болып жүрмін. Мен төрт тілді жақсы білемін. Олар: ана тілім – инғуш тілі , мемлекеттік тіл – қазақ тілі , орыс және ағылшын тілдерді білемін. Менің атам да , әжем де қазақ еліне құрмет етіп , өздері , балалары да қазақ тілін жақсы меңгерген.

Меніңше , осы тілдер арқылы менің жан дүнием кең және бай. Қазақ жері маған өте қымбат:

Қазақстан – көп ұлттың мекені;
Тату еліміз табысқан.
Қазақстан – бақ –станым!
Президентіміз айтқандай:

«Қазақстаның болашағы – қазақ тілде». Қазақ елінің салт – дәстүрлерін , тарихын , шығармаларын , тілін қастерлеймін. Қай жерде болсам да , өз Отанымды ешқашан ұмытпаймын , өйткені мен бұл жерде тудым , өстім , есейдім. Бұл жерде анам маған алғашқы бесік жырын айтты:

«Әлди- әлд ақ , бөпем…»

«Ел іші – алтын бесік», - деді қазақтар. Осымен толық келісемін. Тәуелсіз , дербес , егеменді мемлекетінде тұратынымды мақтан тұтамын.

Қазіргі кезде біз өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеру үшін өзіміз ыңталы болуымыз керек! Қазақ елінің ұлы ғұламаларының тілін білу біздің қазақ халқына деген зор құрметіміз болатындығын ұмытпаймыз!

Арманым жоқ десем , қанатсыз құс болар едім . Күнде бір нәрсе жайлы армандаймын.  Әр жастағы адамның арманы бөлек. Бала өссем дейді , өскен соң балалы болсам дейді , балалы болған соң , соның қызығын көріп , өсірсем дейді. Меніңше , қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін бар күшімді салуым керек. Мектепті бітіргеннен соң , университетке түсу үшін дайындалып жүрмін.

Балашақта мен еліміздің қадірлі азаматы , мақтанышы боламын , деп сенемін!Елімнің ертеңі үшін аябай еңбек ету , оқу оқып , білім игеру , жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының беки түсуі , ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызым деп түсінемін.

Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің ардақты іс екенін жүрегіммен сезініп , мақтан етемін. Өз шығармамды Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен аяқтағым келеді:

«Еліннің ұлы болсан , Еліне жаның ашыса , азаматтық намысың болса , қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жалында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де , елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

0 дауыс
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де қалыптасады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.

Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.
1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.

Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз.
2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді.

Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:
Менің Отаным – Қазақстан,
Жасара бер әрқашан.
Президент ата Нұрсұлтан
Біздің елді басқарған.
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
(Сәкен Сейфуллин)

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі! Сеніңәрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырмажылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
0 дауыс

Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 22 жыл толады.Біздің еліміздің табиғаты өте көркем,шалқар көлдер мен өзендеге және асқар тауларға баймыз. Қазақстанның жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Елімнің астанасы – Астана қаласы Астана — бұл әлем қаласы. Астана — Қазақстанның ең таңдаулы қаласы.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет,халқымыз бейбітшілік пен тату-тәтті, дос тұрады.Ал елімізді-қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отыр.Бұл адам өте тамаша адам.Өйткені оны барлық адамдар қатты сыйлайды, ал біз балалар өте жақсы көреміз. Ол кісі бізге үлкен жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебін салып берді. Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Біздің еліміз жылдан-жылға көркейіп,жаңарып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанды көптеген елдер біледі. Біздің президентіміз елімізді 50 елдер қатарына танымал етті. Бізді дүние жүзі танитын болды. Мен әрине оның бәрі елбасымыздың еңбегі деп ойлаймын.Егер бізде осындай президент болмаса, біз мұндай жетістіктерге жетпес едік.Біз егеменді ел болғаннан бері өзіміздің рәміздеріміз, әнұранымыз бар. авторы да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әнұранды біз әр аптаның бірінші күнінде мектебіміздің сап түзеуінде орындаймыз.Қазақтың тұңғыш президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-өте қарапайым,ауылда өскен адам. Ол жастайынан оқуға, білімге құштар болған. Оның есімін әжесі қойған екен. Оның әжесі былай депті: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты-Нұрсұлтан болсын деген екен. Бұл есімнен мен Нұр-күннің шуағындай әлемге жылы шапағатын берсе, ал сұлтан-елді басқаратын адам болсын дегенді білдіреді деп ойлаймын. Еліміздің тұңғыш президенті өз елін сүйеді және оны ел,халық сүйеді. Мен біздің елімізді осындай президент басқарып отырғанына қуанамын. Менің елім әрқашанда алда. Бұл елбасымыздың үлкен жетістігі. Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жатқаныма қуанамын, алдағы уақытта жаңа асуларға жету үшін де сабақты жақсы оқуым қажет. Менің арманым мектепті жақсы бітіріп, Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде оқуымды жалғастырып елімнің абзал азаматы болуымды мақсаттаймын.

4 «в» сынып оқушысы  

Жабалова Айана

...