0 дауыс
22.4k көрілді
250 сөз 3 эссе

1) "Бұлақ көрсен көзін аш"- шығарманың аты. Не туралы: Адам таланты, қабілеті....

2) "Біз қандай өркениетті ел боламыз?".

3) "Ел бірлігі үшін, менікі ертеңгі үшін." Қазақстанның болашағы...

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Бұлақ көрсең – көзін аш»
«Ел есінде бір жыл қалғын келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 6 жыл болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт - санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі - деп М. Шаханов ағамыз айтпақшы, адам баласының өміріндегі қасиетті төрт ананың бірі болып табылатын қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі болу аса жауапкершілікті іс деп білемін. Осындай жаһандану заманында тұспа - тұс келген біздің шәкірттеріміздің бойында ұлттық рухымызды сіңіріп, тілі мен дінін, берік ұстанған ұрпақ оқыту, тәрбиелеу барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімінің мойнына жүктелетін міндет зор. Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым - өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, қазақ елін әлемдік кеңістікке еркін самғата алатындай, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген.
0 дауыс

Су - тіршілік көзі, өмірдің қуаты. "Судың да сұрауы бар" дейді аққан судың қадірін  білген дана халқымыз. Күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік? Ағызып қойып соны ойлай бермейміз-ау. Ал барша мұсылманға қасиетті Рамазан айында ораза ұстағанда, Алла разылығы үшін ас-судан тыйылып, күн батқанша қара су аузың жетпегенде ғана не дүниенің парқына барасың. Күн еңкейе батып, ауызашар уақыты кіргенде ұрттаған суыңнан балдай, одан артық бақыт сыйлар дүние бар ма, шіркін!

Сонда ғана Жаратушымыздың бізге берген үлкен нығыметінің қадірін біліп, сусыз аймақтарда өмір сүріп, ауыз суға зар болғандардың мұң-шерін түсінгендей боламыз. Сонда ғана сұраусыз ағып жатқандай көрінетін судың бар тіршлікке демеу боларын ұғынасың. Ал оның бағасын білмей, суға қоқыс тастап, оны ластайтын жандар бір өзіне ғана емес, адамзатқа зиян жасап жатқанын біле ме екен?

Сусыз бір күн өмір сүрудің өзі тәніңді азапқа түсірерін білер ме екен? 

Тазалықты білетін, сүйетін дана халқымыз бұлақ көзін жаппаған, керісінше бұлақ көзін ашуды сауапты іс деп білген. Тіпті, суды бей-берекет жұмсамаған. Бір сәт соны ойға алып, дана халқымыздың тәрбиесімен сусындап, судың да сұрауы барын білгеніміз жөн.

...