+4 дауыс
737k көрілді
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.  Отан туралы шығарма керек. Менің отаным қазақстан шығарма?

8 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.

Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.

«Қазақстан – ұлы Отаным»

Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

Колутон орта мектебі
9 «А» сынып оқушысы
Өмірбек Ақмарал

+3 дауыс
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.
1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.
Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз.
2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан
Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді.
Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:
Менің Отаным – Қазақстан,
Жасара бер әрқашан.
Президент ата Нұрсұлтан
Біздің елді басқарған.
Шығарма өте тамаша әсерлі
+3 дауыс
«Менің Отаным – Қазақстан»
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
                 С.Сейфуллин.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен,  өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан  ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік,  ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын  тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.  Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады  деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Сен барсың менің жанымда,
Көктемнің гүлі ашылған!
Балалық шағым қасыңда,
Тағдырым сенсің, Қазақстан!
Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі! Сеніңәрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын?  Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырмажылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет.  Біз оған дайынбыз.
0 дауыс

Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
(Сәкен Сейфуллин)

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

Туған жер
Беу, Туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Жырды шашу болды оған бір арман.

Менің кіндік қаным тамған жер ........ облысындағы .............. ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашалауыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.

0 дауыс

Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Өйткені біздің тәуелсіз ел болғанымызға биыл 22 жыл толады.Біздің еліміздің табиғаты өте көркем,шалқар көлдер мен өзендеге және асқар тауларға баймыз. Қазақстанның жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Елімнің астанасы – Астана қаласы Астана — бұл әлем қаласы. Астана — Қазақстанның ең таңдаулы қаласы.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет,халқымыз бейбітшілік пен тату-тәтті, дос тұрады.Ал елімізді-қазақтың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отыр.Бұл адам өте тамаша адам.Өйткені оны барлық адамдар қатты сыйлайды, ал біз балалар өте жақсы көреміз. Ол кісі бізге үлкен жаңа Назарбаев Зияткерлік мектебін салып берді. Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Біздің еліміз жылдан-жылға көркейіп,жаңарып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанды көптеген елдер біледі. Біздің президентіміз елімізді 50 елдер қатарына танымал етті. Бізді дүние жүзі танитын болды. Мен әрине оның бәрі елбасымыздың еңбегі деп ойлаймын.Егер бізде осындай президент болмаса, біз мұндай жетістіктерге жетпес едік.Біз егеменді ел болғаннан бері өзіміздің рәміздеріміз, әнұранымыз бар. авторы да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әнұранды біз әр аптаның бірінші күнінде мектебіміздің сап түзеуінде орындаймыз.Қазақтың тұңғыш президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-өте қарапайым,ауылда өскен адам. Ол жастайынан оқуға, білімге құштар болған. Оның есімін әжесі қойған екен. Оның әжесі былай депті: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты-Нұрсұлтан болсын деген екен. Бұл есімнен мен Нұр-күннің шуағындай әлемге жылы шапағатын берсе, ал сұлтан-елді басқаратын адам болсын дегенді білдіреді деп ойлаймын. Еліміздің тұңғыш президенті өз елін сүйеді және оны ел,халық сүйеді. Мен біздің елімізді осындай президент басқарып отырғанына қуанамын. Менің елім әрқашанда алда. Бұл елбасымыздың үлкен жетістігі. Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқып жатқаныма қуанамын, алдағы уақытта жаңа асуларға жету үшін де сабақты жақсы оқуым қажет. Менің арманым мектепті жақсы бітіріп, Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде оқуымды жалғастырып елімнің абзал азаматы болуымды мақсаттаймын.

4 «в» сынып оқушысы  

Жабалова Айана

0 дауыс
Arbir zhanga ozinin otbasy sekildi ystyk Otany bolady.
0 дауыс
Ия, әркімнің өз туған жері-жұмағы. Менің кіндік қаным тамған жер, ұлы дала, байтақ ел-Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін туған далама адал қызмет еткім келеді. Ұлы даралар салған жолмен жүріп туған тілімізді ,дінімізді, сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз. Осы күнге дейін біз қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық, рухани жаңғыру аясында EXPO-2017 ұлттық көрмесін қою мәртебесі Қазақстанға бұйырды, енді айта берсек өте көп. Биыл 2019 жыл елімізде жастар жылы деп аталғаны барлығымызға мәлім. Осыған байланысты дарынды да өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды және қазірде ірі белестерді бағындыру үстінде. Жақында Америка елінде”The World’s Best”атты әйгілі жоба құрылып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар бақ сынасты. Сол жобаға елімізден бұлбұл дауыс иелері Димаш Құдайберген, Данэлия Тулешова да қатысты. Бір қуантарлығы бұл екі әнші де ақтық байқауға жолдама алды Мінекей, еліміз жеткен жетістіктер қаншама. Күн санап еліміз жаңғыру үстінде. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылда өз орнын босатуға шешім қабылдады және елбасы міндетін Қасым Жомарт Тоқаевқа үлкен сеніммен тапсырды. Жаңа президентіміз Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертетінін хабарлады. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай
...