0 дауыс
5.0k көрілді
Қазақтың ұмыт болып бара жатқан тағамдырының бірі - әсіп. Осы тағамның жасалу жолын айтсаңыздар!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қыс келгесін соғым сою мезгілі басталады. Соғымды үйде союдың көп пайдалы жақтары бар. Соның бірі қазақтың ұлттық тағамы әсіп немесе шым-мыж дайындауға үлкен мүмкіндік туады. Әсіпті әр жақта әрқалай дайындайды, кейбірі қан орнына ет, өкпе-бауыр қосып пісіреді.  Ал біз олардың орнына қан мен іш май қосамыз. Малдың ішек-қарнын алып тастағаннан кейінгі ішінде жиналған таза қанды ыдысқа құйып алып қоямыз.

Әсіп дайындау үшін керек заттар:

қан 1 сорпа ішетін кесе
күріш 1 шыны
пияз 1 бас
жарты сәбіз
туралған іш май 100 гр
тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш
ішек (бүйен ішек)
2-3 тал (түйір) сарымсақ

Алдымен ішекті жақсылап жуып алып бір жағын ине жіппен ауа өтпейтіндей етіп тігіп алыңыз. Содан соң күрішті қатты ыстық суға жуып аламыз. Бәрін қанға жақсылап араластырып ішектің ішіне ақырындап саласыз.  Бәрін салып біткесін екінші жағында жақсылап тігесіз.Әсіп дайындауға көп уақыт қажет емес. Әсіпті ыстық тағам ретінде немесе суық кезінде тіскебасар ретінде қонаққа ұсынуға болады. Астарыңыз дәмді болсын!
...