Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округіндегі ауыз су мәселесінің тезірек шешу?

0 дауыс
696 қаралым
Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округіндегі ауыз су мәселесінің тезірек шешілуіне көмектесуіңізді сұраймыз.
• Санаты: Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс
Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округіне қарасты Нұра, Мамыр, Белшер, Дүкен елді мекендеріне ауыз су аудан орталығынан тасымалданып отырғаны белгілі. Аталған мәселе біртіндеп шешімін табатын болады. Осы мақсатта Нұра, Мамыр ауылдарының тораптық ауыз су құбыры құрылысына 633917,0 мың теңгеге, Белшер ауылының дербес ауыз су құбыры құрылысына 172241,0 мың теңгеге жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, тиісті мемлекеттік сараптама қорытындысы 2015 жылдың қаңтар айында бекітілді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы 2016 жылдың республикалық бюджет өтініміне енгізілді. Дүкен елді мекені аумағында жер асты су көздерін зерделеу жұмыстары 2016 жылы аяқталатын болады.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы