0 дауыс
777 көрілді
Ырғыз ауданын газдандыру жұмысы қалай жүргізілуде? Аудан орталығы Ырғыз ауылының ішіндегі газ құбырының құрылысы қашан басталады?

1 жауап

0 дауыс
Ырғыз ауданына газ тарту жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны – 5 954 025,7 мың теңге. Газ тарту жұмысын жүргізуші бас мердігер «Окси Билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі таңға 4 797 658,4 мың теңге қаржы игеріліп, құрылыс-монтаж жұмыстарының 78 пайызы атқарылды. Атап айтқанда жалпы ұзындығы 165 км жоғары қысымды жеткізуші газ құбырының 130 км-і тартылды. Құрылыс жұмыстары Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдық округінің аумағында жүргізілуде. Жоғары қысымды КС-13 Шетырғыз-Ырғыз жеткізуші газ құбыры құрылысы арқылы алдағы уақытта Ырғыз ауданының 5 елді мекенін, оның ішінде Ырғыз, Ақши, Құрылыс, Жаныс би және Шеңбертал ауылдарын көгілдір отынмен қамту жоспарланған. Ырғыз ауылішілік газ құбырының құрылысы 2015 жылы жүргізіледі. Осы жылдың ақпан айында Ақтөбе облысы әкімдігі мен «ҚазТранГазАймақ» АҚ-мен жүргізілген меморандум негізінде жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес газ тарату желілерінің құрылысын «ҚазТранГазАймақ» АҚ-ның қаражаты есебінен атқару келісілді. Бүгінгі таңға «ҚазТранГазАймақ» АҚ арқылы газ тарату желілерінің құрылысына конкурс жарияланып, нәтижесі күтілуде. Құрылыс жұмыстары конкурс жеңімпазы анықталған соң басталады.
...