0 дауыс
523 көрілді

Жер комиссиясының назарына ұсыныс!
Жер мәселесінің айналасындағы бір мәселе - ауыл мен ауыл келешегі!

Проблема:

Негізі кезінде "Дипломмен ауылға" деп, жердің иесін жастарды ауылға қалдыруға тырысып бақтық. Оның мыңнан он-он бесі қайтқаны болмаса, токсан бес пайызы қалаға қашты. Сонда бұл қай жер иесіне келешекте жерді қалдырмақпыз?! Айтпақшы, Ауыл жылдарының бағдарламасының мардымды жетістігінің болмағаны тағы бар. Сол себепті ауылдың һәм ауыл жастарына қатысты жасалынбақ бағыт жалпы мәселені ШЕШПЕДІ!!!

Ұсыныс:

Меніңше "Жас ауыл" деген жаңа бағытты қолға алу керек. Ең алдымен, ауылдың келешегін жастардың кемінде нақты жер мен оның өндірістік-кәсіптік саласына 30% қайтару.
Жолдары, ауылдан шыққан жастарға, сырттан келген жас ағайынға, қаладан ауылға барып шарушалық ашуға ниетті жастарға:

- кәсіп не шаруашылық ашуға 5 жылдық салықтан босату;
- техника мен несиелік қаржыға қол жеткізуде 50% мемлекеттік үстеме қолдауымен жеңілдік жасау;
- ауылдық аймаққа "Қол жетімді баспана" ауылдық типтегі бағдарлама жасақтау;
- Инвестициялық жобалардың негізінде қосымша инфрақұрылымдық мәселелерге, әлеуметтік ынсандарды құруға келетін ішкі не сыртқы компаниялардың құзыретіне беру арқылы жергілікті әлеуметтік әріптестікті күшейту.

Нәтижесінде - қалаға ішкі миграцияның 30% тоқтайды, нақты кәсіптік-өндірістік бағыттар айқындалады, қалалық қылмыс, әлеуметтік күйзелістер мен теке-тірестер, қосымша қоғамдық мәселелер туындамайды.

Ойланып көріңіздер! Кезінде Мүстафа Кемаль Ататүріктің тұсында 30-40 жылдары шамамен осындай бағытта жастарды жер кәсібіне тартқан болатын, ол кезде керек десеңіз кеңсесіне дейін тегін жалға берілді, коммуникациялық проблемаларын да шешіп беріп еді. Бізде де 21 ғасырда керемет күшті болып кетпесек те, даму үрдісімен салыстырсақ сол 40-ы, 50-ы жылдардың о жақ, бұл жағының деңгейінде тұрмыз...

Мақсат Жақаудың осы ұсынысымен келісесіз ба?

Ауылға қала жастары келген жоқ, сол ауылда жүрген байдың балдары еш жұмыс істеп көрмеген  жастар айла-тәсілдерін тауып, жеңіл несиеге қолдары жетіп, тегін үй алып қалды 2- ші,  3-ші  үйлерін артығымен.....  Ал ұзақ жыл сол ауылға еңбегі сіңген, бірақ әлі үйі жоқ, 3-4- бала-шағасы бар, үйсіз, жасы 30 дан асқандарға түк те жоқ, қаншама жыл ауыл үшін еңбектерін сіңдірсе де. Осы дұрыс па?
Қалада оқып жүрген  ауыл жастары сол қаладағы туысының үйіне учетқа тұра салып ауылға келіп үй алады бұл қалай сонда??? Ол өздері сол  ауылдың жастары еді, тіпті бір мектептегі жастардың бәрі үй алатын жеңіл несиелерін алып, шіреніп мұрындары аспанға қарап шыға келіп, қасындағы жасы үлкен ұжымдастарын  менсінбей  шыға келген, аяқ астынан көп ақша алып, ақшаның буына дем ала алмай( тегін ақша сондай болады). Бұл дұрыс болмады, ол жастар сол ақшаны, үйді алып қалу үшін мектептерге бастарын тығып алыпты айласын асырып,көкелерінің ақылымен. А так мектепте мұғалім болып жұмыс істеуге желаниелері жоқ былайша айтқанда.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...