0 дауыс
Менің төлқұжатымның уақыты 2 ай болды өтіп кеткеніне, ауылда жатып қалып бара алмадым. Енді айыппұл төлеймін бе?  Қанша теңге болады?
05.08.2015 499 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлік бойынша 3 айға дейін тұруына рұқсат етіледі, аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық турады кодекстің 492-бабының 2-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік жазаға ұшырағаннан кейінгі бір жыл ішінде қайта жасалған осыған ұқсас құқық бұзушылық 10 АЕК(18520 тенге) көлеміндегі айыппұлмен жазаланады.
05.08.2015
127,958Сұрақ
322,872Жауап
153,169Пікір
72,980Қолданушы