0 дауыс
376 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Менің жездем егіздің сыңары.  Ол кісінің төлқұжатын ағасы (егіздің бірі) ұрлап алып, Каспий банктен  несие алған. Ал жездем оны білмеді. Бірнеше айдан кейін  банк қызметкерлері  жездеме қоңырау шалып,  несиені уақытымен төлеуін және  просрочка кеткенін айтқан кезде ғана  жағдайды білді.  Жездем бірден қалаға  Каспий банкке барып барлық жағдайды түсіндіреді. Яғни оның несие алмағаны белгілі болып шығады. Себебі, фото, қолы басқа адамдыкы екені белгілі болады. Банк қызметкерлері өз қатесін түсініп, несиені жабамыз деп айтады. 1-2 жыл өткеннен кейін жездем  жұмысқа орналасады. Сол кезде оның карточкасын банк  блакировать етіп тастайды.  Әзірше жездем  еңбекақысын ала алмай жүр. Үйінде 4 кішкентай балалары бар. Әйелі де жұмыс істемейді. Не істеуге болады? Оған Каспий банк жауапты бола ма? Жауабын жазсаңыздар. Рахмет.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...