0 дауыс
408 көрілді
салеметсызбе Бейсен ага менің есімім Айнура узбекистан азаматымын осы казакстанга кошип келдим 2011де, содан өз құжатымды яғни төлқұжатты ала алмай жүрмін. төлқұжатты алу үшін Алматы қаласындағы Өзбекстан консульына паспорт алуға 3 рет бардым. Нәтиже жоқ, яғни паспорт алу үшін маған 120000 тг штраф төлеуің қажет дейді. Қазір Қарағанды облысы Теміртау қаласында тұрамын, осы тұрып жатқан қаламдағв көші қон полициясынада жолықтым, анда мұнда жүгіртіп нақты жауаптарын аитпаи жатыр. Осыған көмек беруіңізді сұраимын, өтініш!! сізден жауап күтемін

1 жауап

+1 дауыс

Тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Осы жерде жеке куәлікті жаңадан дайындата аласыз. Ол үшін қажетті құжаттарды өткізуіңіз керек. 

  1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлікті қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш жазасыз. Өтініште құжатты қандай себеппен жоғалтқаныңыз туралы көрсетесіз.
  2. Мемлекеттік баж салығын төлегеніңізді растайтын анықтаманы өткізесіз. Салық мөлшері - 0,2 АЕК (481 теңге).
  3. ҚP азаматының төлқұжатын (бар болса) көрсетесіз.

Егер төлқұжатыңыз жоқ болса, ЖСН (жеке сәйкестестіру номерін) өткізесіз.

  1. Аудандық ішкі істер бөліміне барып, құжаттың ұрланғаны туралы анықтаманы аласыз;
  2. Мемлекеттік баж төленгені туралы анықтаманы көрсетесіз;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын (бар болса) өткізесіз.
...