0 дауыс
2.8k көрілді
Үйге келген қонақтың үй иесінен бір затты таңдап алу дәстүрі.

4 жауап

+1 дауыс
Кез келген қонақ емес әрине жиендік деген болады сол жиеннен кез келген затты алуға болады жиендікке яғни анамыздың туған інілерінен жиендік жасауымызға болады ..
0 дауыс
Қонағын құдайындай сыйлаған қазағым келген мейманы: "Менің сізден бұйымтайым бар. Мына затыңызды бересіз бе?" десе болғаны, ойланбастан сыйға тарта салатын болған.)))
0 дауыс
Келген қонақтың, үй йесіне мына затыңызды қаладым деп, өзінің ниетін білдіреді. Ол "қалау" деп аталады, бұрыннан келе жатқан дәстүр ғой ол.
0 дауыс

Уикипедиядан:

"Бұйымтай - этикалық мәнді ұғым. Қауымның жекеленген мүшелерінің ара қатынасында орын алған этикет, біреуге қолқа салатын шаруа, алғысы келген бұйым немесе өтініш. Дәстүрлі түрдегі бұйымтай айту негізінен төмендегідей сипатта болады: сыйлас кісілер арнайы келіп, сәлемдесіп екі-үш күн қонақ болғаннан кейін, қайтуға қамданған кезде үй иесі қонакқа алғыс айтып, қонақтың бұйымтайын сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөз. Қонақ мұндайда келген шаруасын, яғни бұйымтайын айтады. Қонақ сөзін жерге тастамау, өтінішін орындау - қазақ үшін бұлжымас қағида.

Сонымен қатар дәстүрлі ортада қонақ болып бірнеше күн жатпайтын алыстан арнайы ат басын тіреген адамға қалыптасқан үрдіс бойынша үй иесі дастарқан жайып күтіп, шаруасын сұрап біліп, көңілін қалдырмаған. Ондай арнайы келген адамның айтар бұйымтайы көбінесе жүйрік- жорғаға, алғыр тазыға, қыран бүркітке қатысты болады. Ұзатылган қыздың үш жылдан кейін төркініне келіп жұртынан қалағанын сұрауы - қолқа салудың, бұйымтай айтудың дәстүрлі қалыптаскан түрі. Қайын жұртына күлкі болмасын, «басынбасын» деп бұйымтайын, қалауын беріп аттандырған."

Атамыздың не бұйымтайың бар деп сұрап жатқанын талай еститінбіз кетуге жиналып жатқан қонақтарынан.Пысықтары сұрағанын күтпей бұйымым бар еді деп өздері ақ бастап беретін)))

...