+1 дауыс
651 көрілді
«Серпін-2050» жобасы, оған қатысудың шарттары туралы ақпараттарды қайдан алуға болады?

1 жауап

0 дауыс

Мұрат Әбенов: Барлық ақпараттар www.serpin-2050.kz сайтында жариялануда. Сайттың сол жағындағы «Негізгі ақпараттар» бөлімінде «Серпін-2050» жобасы туралы толық ақпараттар жарияланған сілтемелер орналасқан. Мысалы, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы туралы» деген сілтемені ашсаңыз жобаның мақсаты, міндеттері туралы толығырақ біле аласыз. «Жобаға кімдер қатысады?» және «Серпін» жобасымен оқуға қалай түсуге болады?» деген бөлімдерінде жобаға қатысудың талаптары қарастырылған. «Жастар қандай аймақтарда білім алады?» деген сауалға жауапты «Қай өңірде оқуға болады?» деген бөлімнен оқуға болады.

Сонымен қатар, сайтта оқуға жіберуші 5 аймақ туралы ақпараттарды «Оқуға жіберуші аймақтар» айдарынан табасыз, ал «Аймақтарда құжат қабылдайтын орындар» бөлімінде толық құжат тапсыратын 5 өңірдің қабылдау бөлімінің мекен-жайлары, байланыс құралдары көрсетілген.

«Мамандықтар» бөлімінде жобаға бөлінген ЖОО-ға бөлінген 5 мың грант бойынша 61 мамандықтың, колледждерге бөлінген 47 мамандықтың тізімі толықтай көрсетілген. Бұл мамандықтарды қалай таңдауға болатындығы туралы «Серпін» бойынша мамандықтарды таңдау» сілтемесін ашу арқылы білуге болады. Сол парақшада жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ және кешенді тестлеуде таңдалатын 7 пән бойынша бөлек сілтемелер бар. Сол сілтемелерге кіру арқылы әр сала бойынша қандай мамандық, қандай шифр бойынша, қай университетте, нақты қанша грант бөлінгендігін білуге болады. Мысалы физика бойынша төрт салада, 19 университетте 33 мамандық таңдауға болады. Колледждер бойынша мамандық таңдау 4 пәнге байланысты емес. Мысалы, ҰБТ немесе кешенді тестлеуде қазақ тілі пәнін таңдаған талапкерлер колледждерге техникалық мамандықтар бойынша оқи алады.

Оқу орындарының, мамандықтардың, жергілікті штабтардың тізімі, жіберуші және қабылдаушы аймақтар туралы ақпараттар орналасқан.

Содан кейін, ЖОО және колледждер бойынша әр мамандықтарға сараптама жасалған.

Республикалық Үйлестіру Кеңесінің What’s App қосылған байланыс жүйесі: 8 701 515 20 50. Бұқаралық ақпарат құралдарында да үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның vk.com facebook.com, instagram, twitter желілерінде «serpin-2050» аккаунттар, парақшалар да жұмыс істеп тұр. Сол парақшаларда да көптеген ақпараттар жарияланып тұрады. Барлық облыстарда облыс әкімдерінің орынбасарларының басшылығымен арнайы жұмыс топтары құрылған. Сонымен қатар, жіберуші 5 өңірде білім басқармаларының, жастар саясаты, ішкі саясат басқармаларының басшылықтарымен штабтар жұмыс атқаруда. Әр облыста қабылдаушы аймақтың өкілдері отыратын орындар белгіленген.

...