0 дауыс
686 көрілді
Адамда ақыл бар қарап тұрсаң ол өмірі бойы ақылы бар болғаны үшін да ойланады, не үшін өмірге келдім, бақыт деген не, ертеңге жеитин тамагын бір жыл бұрын ойлап қиналады,  ақшасы толып жатса бәрінен айрылып калмаймба деп қиналады, жақсы көрген адамың бір кездері жақпай қалады ( ақылы бар адам болгасын бетіне айтабермейсин енді)  ақылы бар болғаны үшін да адам қиналады қуанады, уақытша бақытты сезінеді болғаны, енді аулада жатқан Тузигiме ( итiмнiн аты ) қарасам онда ақыл жоқ мені көрсе құйрығын кимылдатады, ойнагысы келеді (рефлекс болар) тамақ толтырып берсен тойганша жейді қалғанын жинамайды, бермесен 1 жеті де журебередi су iшiп, қарап тұрсам ақылы жоқ жанзатта проблема, қорқу жоқ, бақыт деген нақты жауабы жоқ сұрақтар менен қиналмайды жалпы айтайын дегенім бұл әлемде ақылы бар жанзатка ғана қиналуды, проблеманы берген ба деймін да, менің ойыма сіздің пiкрiнiз қандай ?!

3 жауап

+1 дауыс
Құранда Аллах біз туралы "Ей, ақыл иелері!" дейді. Біз сыналамыз, қиналамыз, бізде сезім бар. Ал жануарларда тек түйсік қана. Сол сізді тузик қып жаратпағанына шүкір қылыңыз. Бір жылғы тамағыңызды ойлап қиналсаңыз, өміріңізді өзіңіз қиындатып тұрсыз. Себебі Аллах айтады, "сендердің ризық несібелеріңді беруші Менмін, сол ризық несібелеріңді тауысып жемей өлмейсіңдер" -дейді. Сіз анаңыздың құрсағында жатқанда әрбір жұтатын тамшыңызға дейін белгіленген. Бақыт деген ол осы өмірдің ауыр сынақтарынан сүрінбей, хайуани сезімімізді жеңіп, адам кейпіңізді сақтап қалып, абыроймен өту. Содан соң, сол үшін Джаннат бақтарына кіргізілуіңіз. Ал, Тузигіңіз болса, Ахирет күні тірілтіріліп, қожайыныңнан алар ақың бар ма - деп сұралған соң, кері топыраққа айналады. Олар үшін Джаннат, Тозақ жоқ. Сондықтан Конфуций, Буддалар құсап, ойға ьерілудің қажеті жоқ. Қысқа ғұмырды сүріп қалыңыз. Бауырлар!
Енді айтып отқаныныз Пайғамбарымыздын ойлары емеспа ?!
Әрине, бірінші Алла, екінші Мухаммад  пайғамбардың айтқаны.
Тусiнбедiм онда не ойға берiлмей бір адамдардың айтқандарымен ойлармен жасай беру керекпа не адам ?!!
Түсінбей қалдыңыз ау деймін. Мүлде ойланба дегенім жоқ, Будда құсап ойға батудың қажеті жоқ дедім. Ол кісі қалың ойдан трансқа түсіп, есінен танып жатыпты дейді ғой, рас болса. Бұл неге олай, бұл неге бұлай деп ойланғанша, қайтіп Джаннатқа кірем, адамдығымды қалай сақтап қалам, Раббыма қалай жақындайын деп ойлану орынды болар деп ойлаймын.
+2 дауыс
Аллах Тағала бiзге ақыл, сенiм, ойлауды жоғары дəрежелi жаратылыс болған соң бердi. Ал мұндай қасиет жануарларда болмайды. Бiзге иманымызды ақылымызбен қуаттап, бiр өзiне ғана, құлшылық қылу үшiн бердi. Әрдайым тəфəккүрде жүру пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сүннетi. Ол дегенiмiз күнделiктi азанда ұйқыдан тұрып, шай iшiп, тамақ iшiп, кешке қайта ұйқыға жату деген емес, керiсiнше Аллах берген нығметтермен қуат алып, құлшылық қылып, еңбек етiп, жатарда бүгiн не iстедiм деп өз-өзiңе есеп берiп жату. Ал əлгiндей бiзде тузик сияқты болсақ, бiзде ақыл да, сенiм де, ойлану да болмайды деген сөз. Ақыл болмағасын иттен не айырмамыз қалады. Онда бiзде ит сияқты тек күнi бойы жатып, тек бос сөйлер едiк. Бiздiң жан-жануарлардан дəрежемiз əлдеқайда жоғары. Сондықтан бiз ойлануымыз, қиналуымыз, сыналуымыз, құлшылық етуiмiз, еңбек етуiмiз керек.
0 дауыс
Адамға əрине ақыл керек, бірақ кішкене пофигист болу керек. Сонда өмір сүру оңайырақ болады деп ойлаймын.

"Смотри на жизнь проще" )))
...