+1 дауыс
915 көрілді
Кураторым сондай. Маған келіп сұрақтар қояды да, мен аузымды ашпай жатып өзі жауап беріп қояды. Бір түрлі болып қалады екенсің. Бұл қандай мінез? Ол "өзімбілермендікке "салынып тұр ма? Әлде "сабырсыз "адам ба? Мүмкін не айтарымды алдын ала білетін "көріпкелдік" қасиеті бар ме екен? Бір бастан екі бас жақсы, ой қосыңызшы маған.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Өз ойымша жетекшіңіздікі дұрыс емес, сыпайылап айтқанда шыдамсыздық, мүмкін тәжірбиесіздік болар. Жетекші шәкіртінің ойын түгел ақтара айтуына мүмкіндік беріп, сол айтылғандардан шәкіртінің білім деңгейін саралауы керек.Өз сұрағына өзі жауап беретін болса, шәкірт білімін қалай бағаламақ.

+2 дауыс

Бұл мінез сабырсыз адам болу керек. Кураторың қызық адам екен.

+1 дауыс

ол тек  өзімен  ғана  санасады  немесе ол өте  жұмсақ  жаны  ашығыш  адам.ондай  адамдар  жаман  болмайды  тек білмей  жатқандарға  көмектескісі  келеді.

0 дауыс

Мүмкін не айтарымды алдын ала білетін "көріпкелдік" қасиеті бар ме екен? 

Сонда сенің ойыңдағыны дәл айта ма? 

+1 дауыс

Сені сынағысы келген шығар, не дегенменде мұғалім ғой, студенттен дәрежесі үлкен, мұғалімнен кемшілік іздесең, одан ешнәрсе үйрене алмайсың.

+1 дауыс

 

Кішкентай кезімде мектебімде бір мұғалімім,дәл осындай болды.Кітаптаүй тапсырмасын оқып келіп,баяндап,айтып тұрсам,менімен жарыса жалғастырып,соңында 5- ке артық айтып,сұрақтарына да жауап беріп тұрсам да,толық айтпадың- деп, "4" қоюшы еді.Өйткені,оның ең жақсы бағасы "4"-еді.Сондай қызық апай еді.Бұл шыдамсыздық деп ойлаймын.

Барлық жауаптар үшін рахмет.
...