+1 дауыс
7.7k көрілді
Мінез адамға туылғаннан беріле ме,немесе өсе келе пайда бола ма?

10 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мінез туылғаннан беріледі. Бір шығармада бар анаға былай деп қарияның айтқаны: - Сен баланы тусаң да мінезін тумайсың деп жұбататыны бар.(қай шығарма екені есімде жоқ) Өскен ортада мінезге өз әсерін тигізеді.
Түсіндім))))))))))))))
Белгісіз
0 дауыс
Туа біттті беріледі тұқым қуалау арқылы,мінезді өзгерту қиын болады
+1 дауыс
Туылғаннанда беріледі өсе келеде беріледі.
хаха....
+2 дауыс
Мінез туа да қалыптасады, жүре де қалыптасады; оны кейін келе өзгертуге де болады...
+2 дауыс

Адам анадан туғанда мінезімен тумайды,пәк,күнәсіз болып туады. Демек мінез жүре келе тәрбие алған ортамен қалыптасатын сияқты, десекте адамның бойында қанмен берілетін қасиеттер де болады. Ол қасиеттер жақсы да,жаманда болуы мүмкін. Бірақ қанша қиын болса да ерік күші жоғары,жігерлі адамдар өз мінезін қадағалай алады деп ойлаймын. Жас тал иілгіш,балғын болады дағы, жылдар өте келе бұтақ жуандап дарақ қалпына келгенде иілмей морт сынатын болады. Адам да сондай,жас кезінен мінезін жақсы жағына қарай иіп,өзін-өзі қадағаласа, ол адамның мінезі көркем,жібектей болады. Ал есейіп кеткен соң тәрбиеге көнуі қиын болады. Сондықтан қазірден шамаларыңды мінездеріңді жібектей қылуға тырысыңдар,жаман әдеттерден аулақ болыңдар, сонда бәрі тамаша болады.

Иии Jako ағай  не деген керемет сөздер!!!
Белгісіз
0 дауыс

Жако ағаймен келісемін.Мінез өскен ортаға байланысты және қанмен беріледі.Мысалы көп киноларда кездестіремін,"сеніңде мінезің әкеңнен аумай қалыпты" дегенді.Өскен ортаға байланысты дегеніме келер болсақ үйінде ерке,жұмсағанға бармаса қырсықтық мінез қалыптаса бастайды.

Балаға дұрыс тәрбие берілмесе,мінезі жаман болмақ.Оның кесірі әке-шешесінеде тиеді.Тұрсынбек Қабатов ағам айтқандай "Бала ананың емшегінен сүт ішсе анаға жақын болады,шөлмектегі сүтті ішсе шөлмекке жақын болады"

+1 дауыс
мінездің қалыптасуы сенің оскен ортаңа қарай беріледі үйдегі тарбиеге тіпті өзіңнің  араласатын адамдарғада байланысты
0 дауыс

Мінездің екі түрі бар, жаратылысынан пайда болған мінез және өсе келе өзі еңбектеніп жақсы жаққа қарай талпынып өзгерткен мінез. Екінші мінез абзалырақ, себебі адам жаратылысынан жаман мінезбен туылып, кейін оны өз күшімен, ыждағатымен өзгертсе, бүкіл өміріне пайда тиер жақсы мінезге талпынып жеткені үшін, үлкен сауапқа ие болады.

0 дауыс
Психолог ретінде айтайын, бала дүниеге жаны "таза тақта" боп туады, мінезбен тумайды. Қабілеттілік пен нышан, дарынмен туылады. Сондықтан да кеибір балалар ақылды, қабілетті болады. Ал, мінез жүре қалыптасады. Өсе келе бала анасынан, әкесінен, бауырларынан, жалпы айтқанда, айналасындағы адамдардан, тәрбие алып, сонымен бірге олардың мінезін де өз бойына сіңіреді. "Мінезің әкеңнен аумай қалыпты" деп айтатыны, міне, сондықтан. Мінез бен нышанды шатастырмаңыздар.
0 дауыс
озинди тексер.жауабын тусинесин

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...