0 дауыс
3.4k көрілді
Адамға ақыл не үшін керек ? Айуандарда ақыл жоқ, бірақ баласын тастап кетпейді, жылына бірақ рет ұрпақ қалдырыу үшін қатнасқа түседі, ақылы бар дейтін адамдардай қалаған кезінде қатынас жасайбермейді, сонда ақылды жанзаттың ақылсыз жанзаттан үйренері бармекен бұл пікірге қосар ақлыңыз әлде пікіріңіз барма ?

5 жауап

+2 дауыс
Адамның ДНК-сы жердегі басқа жануарларға ұқсамайды, сондықтан Адам ғана саналы тіршілік иесі, Адам ғана жерді, әлемді өзгерте алады, адам ғана Жаратқан Алланы біліп-тани алады.

Ал, Айуандардың атқаратын ролі  осы адамдарға беретін жақсы қасиеттерімен ерекшеленеді, ондай қасиеттерді әр түрлі аңдарға қарап адамның санасы дамып арта береді. Жалпы біз адамдар   жан-жануарлардан үйренетініміз көп.

Бір мысал: Жарқанатты алайық, ол тастай қараңғы жерде жылдам ұшып, дыбыстар арқылы алдында не бар-не жоқ екенін еркін сезе алады, біз олардың осындай қасиетін көріп су астында жүзетін ультра дыбыстар арқылы алдындағы жолдарын болжай алатын су асты кемелерін жасадық.  

Инелікке қарап, вертолеттер жасадық.  Қасқырдың айласы бізден де асып түседі,  Тереңірек зер салып қарап тұрсақ айналамызда жыбырлаған тіршілік иелерінің де өз орны бар, олардың  әр қайсысы біз үшін үлкен сабақ десек те болады.  Былайша біз оларды мән беріп, байқай бермейді екенбіз, ол біздің үлкен кемшілігіміз.
Пікіріңізге рақмет, бірақ адам сол ақылымен өзін жоқететін заттар жасап қойыпты, діндерді басқару құралы етіп қойыпты, ақылы бар деген айрым адамдар ақылы жоқ хайуан жасамайтын әрекеттерді жасап жатқандары Өкінішті, ақыл көп нәрсені шешпейтіндігі көрініп жатыр !!!
Тәрбиеге байланысты. Тәрбиесіз алған білім, адамзаттың қас жауы деп  Аль Фараби бабаларымыз бекерге айтып кетпеген.
Адам ДНК-сы мен Шошқаның ДНК-сы ғана ұқсас екен,  шошқаның ішкі органдарын адамға салса болады екен, ғалымдардың жасаған тәжірибесі бар. Ал маймылдыкі келмейді, хромосомдары келмейді екен.  Сол үшін Мұсылмандар шошқаның етін жеуге болмайды деп шешкен. Мұсылман діні ғана дұрыс!
+2 дауыс
Біріншіден Айуандарда ақыл жоқ дегенді қайдан алдыңыз, (мысалы шимпанзе 5-6 жастағы баланың шығара алмаған есебін шығара алтаны дәлелденген, Пілдің есте сақтау қабілеті өте жоғары дамыған....қарғалардың санасы да жоғары)

Адамдардың моларльдық-этикалық принциптері жануарлардыкінен әлдеқайда төмен. (Мысалы, біржынысты қатынас жануарларда байқалмайды)
бір жынысты қатынас "адамдарда" да байқалмайды, тек надандарда байқалады!
+1 дауыс
Сұрақта, жауаптарда өте орынды. Алдыменен адам өмiрге не үшiн келдi соны бiлiп алғанымыз жөн. Адамның бұл өмiрдегi миссиясы алдымен Жаратқанға құлшылық жасау, сынақтан өту. Одан кейiн ата-анаға жақсылық жасау, бiлiм алу, балаларымызды өнегелi етiп тәрбиелеу т.б. Айуандар балаларын оңайлықша тастап кетпейдi, оның миссиясы сондай. Ол балаларды тастап кетуге ақылы жетпейдi, Құдай оларды солай жаратқан. Ал бiз адамзат ақ пен қараны ажырата аламыз, ажырата алғанымыз үшiнде тозаққа түсу деген қәуiп бар бiзде. Ал хайуандарда тозаққа түсу деген понята жоқ, топыраққа айналып кетедi бiттi. Балаларын тастап кеткен жандардың әрине жазалары ауыр. Негiзiнде байқасақ тәрбиеге, нәпсiнi тия алмағанымыздан мұның барлығы. Тағы бiр айтарым осындай жағдай ертең сiздердiңде балаларыңызда орын алмауы үшiн. Үйленер алдында қыздың не ұлдың керек болса жетi атасын сұрастырып сосын отау құрыңыздар. Себебi «Алма ағашынан алысқа түспейдi» жұбайыңыз тектi болса, балаларыңызда ондай қадамдарға бара қоймайды.
+1 дауыс
Сіз меңзеп отырған ақыл деген ұғым нақты нені білдіреді? Тек IQ, ойлау қабілеті дегендерді ескеретін болсақ жануарларда ол бар. Бірақ олар саналы қадам жасамайды. Жануарлардың топ болып тіршілік етуі эволюцияның нәтижесі. Бастапқыда еркектері ұрғашыларын баласымен қосып тастап кеткен, яғни оларды қорғауға деген жауапкершілікті сезінбеген. Бірақ ондай түрлер біртіндеп жер бетінен жойылып, ұрпағын қорғайтын түрлердің тіршілік етуге қабілеті арта түскен, яғни сақталып қалған. Жануарлар біз бақылаған кезде бәрін біліп істеп, саналы түрде әрекет жасап, моральдық құндылықтарды сақтайтындай көрінгенімен мұның бәрі бар болғаны ұзақ уақытқа созылған тәжірибелердің жинағы, гендік ақпарат қана. Ақлақтық құндылықтардың жоқ емес, бірақ өте төмен деңгейде екені дәлелденген. Алла жаратқан Адам атты ғажайып жаратылысты нәпсісін тыя алмаған азшылықтың (мүмкін, көпшілік шығар) қылығына бола жануардан төмен сатыға қоюға бола ма, біле алмадым. Сосын... сіз адам мен жануардың ақылын тек жыныстық қатынас, нәпсі тұрғысынан ғана қарап отырсыз,бұл тіршілік иесінің ақылын, сананың даму деңгейін анықтайтын негізгі фактор бола алады деп ойламаймын.

Бірақ... адамның азғындап бара жатқаны жасырын емес. Жануарлардың кейбірі жұптар арасындағы адалдықты жоғары бағалайды, өз тобындағы жолдасын қорғауды, сатып кетпеуді біледі. Ал адамдар неге кері кетіп барады? Меніңше, бәрі эволюцияға келіп тіреледі. Ал өркениет бар жерде эволюция, өздігінен сұрыпталу жүзеге аспайды. Өркениет кімді болсын қорғап қалады...
Пікіріңізге рақмет Жер жүзіндегі тірі жандардың бәрі теңдей етіп жаратылған, бірақ адам деген түр  ақылымен көп нәрсені білді, біліптұрып айуаннанда төмен істі қылып қойғандығы жалған емес, сұрақ қойылу себебі жалпы адам ақылының мақсатының бағдарын түсінуге ұрыну ?
–2 дауыс
Олай істеуінеде бір себеп болдығой немесе жын шайтан азғырды
Сенің бір жөнді сұрағың немесе жауабың жоқ. Ақмақ атыңа затың сай болсын. Балл көбейсін деп жөнсіз жауап   жаза бермесеңші
мен тек пікір қалдырғым келген - Айуандарда ақыл жоқ, бірақ баласын тастап кетпейді, жылына бірақ рет ұрпақ қалдырыу үшін қатнасқа түседі, ақылы бар дейтін адамдардай қалаған кезінде қатынас жасайбермейді--
...