0 дауыс
2.1k көрілді
Наурыз тойы дегеніміз не? Наурыз тойы шығарма

1 жауап

0 дауыс

Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауық той басы. Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, түркі тектес ұлттарға ортақ мейрам, ол – Наурыз.

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде."Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Наурыздың 22-сі күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз келіп шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ қар астында жатқан табиғат тіріліуі кімнің де болса көңіліне шаттық беретіні анық. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама – бұрын 8-9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдеп – ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын, той.

...