+3 дауыс
18.5k көрілді

Көрісу күні дегеніміз не? 14 наурыз көрісу күні ма? Бұл біз үшін қандай маңызға ие мереке? Оның келіп шығу тарихы туралы не білесіз? @Jako ағасы оңтүстік халқы да көрісу күнін тойлайтын ба еді?

көрісу күні, көрісу, корису

Кемеңгер ақын Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март – ескіше 1 март. Әкей айтты: бүгін ескіше 1 март қазақша жаңа жыл Ұлыстың Ұлы күні. Жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл парсы тілінде жаңа күн» дегенді білдіреді. Жаңа жыл басының Ұлыс екеніне мынадай дәлел бар «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болады. Үлкен кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар деген».  Осы сөзге сүене отырып жаңа жылда көрісу тек қана батыс өңірінде емес, бүкіл қазақ жұртшылығы 14 наурыз күні есендесіп көрісетін болған.
22 наурызда кун мен тенеседи сол
Куни жана кун басталады сол куни корсу керек

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия бүгін көрісу күні (барлығыңызға бір жастарңызбен), Бұл мерекені білмейтіндеге қысқаша бігінгі күнімнің қалай өткенін айтып берейін. Бұл күннің мән-мағынасын, маңызын басқалай түсіндіру мүмкін емес сияқты:

Бүгінгі күнеммен таңертең тұрып көршілермен көрісіп шықтым, енді түсте жан-жақтағы бауырларым келуі керек (себебі мен әке-шешеммен бірге тұрам). Бұл күні алыста жүрген ұл қыздары ата-анасына келіп көрісу керек (мейлің сен Алматыдасың ба, Астанадасың ба) ол ата-ана алдындағы міндетің.Сосын екінші құдаларға барып көрісу (оның да нюанстары бар, негізінен жасы үлкен адам барып көрісу керек болса, ал құдалар арасында қыз алған жақ барып көрісу керек).

Негізі бұл мейрам   ағайын-туманы, ренжісіп жүрген адамдарды татуластыратын тым жақсы мереке деп ойлаймын
+1 дауыс
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.
0 дауыс
Мен үшін де таңсық мейрам. Көрісу деп мен жақта бір үйде бір адам қайтыс болғанда, соның үйіне келген туыстары бір бірімен көріседі, соны көрісу дейді. Сондай мейрам бар екенін кейінгі жылдары ғана естіп жүрмін. Көктемге аман есен жеттік деп көшпенді халық кеімізде қалыптасқан шығар, Көптеген ірі рулар жан жаққа қыстауға кетеді ғой, қыста бір бірін көрмей, көтемде аман есен көргендеріне қуанғаннан пайда болды деп ойлаймын, еш жерден оқығаным емес, солай ойлағам просто
0 дауыс
Амал — ол ата-бабаларымыздың қытымыр қысты шығарып сап, көктем кірісімен «Амал келді, жыл келді» деп ежелден тойлап келе жатырған мерекесі. Бұл мейрамның өзіндік ерекшелігі — көрші-көлем, ағайын тумалармен қол алысып, иық қағыстырып көрісіп, жасы үлкен ақсақалдарға қол ұсынып сәлемдесіп, олардан ақ баталарын алу болып табылады. Көрісу қазақ халқының ізеттілік пен көрегенділікке, ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Сондай-ақ, халық арасында: «Амал күні кімде-кім қырық адаммен көрісер болса, Құдай тағала күнәларын кешіріп, дұға-тілектерін қабыл етер» деген де сенім бар. Бұл күні әрбір шаңырықта дастархан жайылып, ет асылып, «Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын», «Жыл құтты болсын!

Шаңырығың ырыс-берекеге толсын!»-секілді тілектер айтылып, ренжіскендер татуласатын, сондай-ақ, жарлы-жалқыбайлар үшін де қарындары мен көңілдері тоқ боп, асыға қарсы алатын айтулы күндердің бірі.
0 дауыс
көрісу мейрамы батыста жақсы атап өтіледі.
0 дауыс
Иә бүгін Қазақстанның Батыс аймағына тән көрісу күні. Шығу тарихына келсек ертеректе қыстақта, далалықта мал баққан Қазақ жұрты қыс айларында бір-бірімен қауыша алмай, көктем басталғанда, қара еріп күн жібігенде бір-бірімен арқа-жарқа болып, қауышатын болған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр болып бертінге дейін сақталып қалған. Батыс аймағының Атырау, Маңғыстау облыстарына ғана кеңінен танымал.
0 дауыс
Негізі қазақта маңызды,керекті,ұмыттуға болмайтын мерекелер өте көп,солардың біраз бөлігі осы Наурыз айында екен.Қадыр түні,Көрісу күні,Қазақтың жаңа жылы және т.б.Мен де бұл күнді Маңғыстауға келіп білдім.Мен бұл күннен түсінгенім өзінің атауына байланысты наурыз 5-6-7-8 нен бастап жерге көк шығып күн жылып,сонымен бірге адамдардың көңіл күйі көтеріліп,алыс жақындағы ағайын-туыстарын көріп қайтайын дегенң шығар.
+1 дауыс
Көрісу күні болса. ОЛ Қазақстанның батыс  облыстарында кең үрдіс алған – көрісу. Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсып, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді. Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Үлкені кішісіне міндетті түрде «Жас қайырлы болсын!» айтады. Яғни «жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман-есен жетейік» деген тілеу. Ал, өткен жылдан бері кездеспеген адамдар қашан кездессе де (наурыз басталғаннан кейін апта, ай өтуі мүмкін)  бір рет көрісуі шарт. Бір жылға жетерлік бір көрісу. Бұл алыста тұратындар немесе жолаушылап жүрген хақында.
Ал, ауыл адамдары наурыздың бірінен (қазіргіше 14-інен) жас балаларды «ауылдағы қария адамға, өз әулетінің үлкеніне барып көрісіп кел» деп бағыттап отырады. Соған орай ол үлкен кісінің үйі де: «Жыл келді ғой, ертең көрісуге балалар келіп қалар»,- деп дастарқанын қамдап, үй ішін қонақ күткендей жинап отырады. Бұның наурыз көжеге, айтқа ешқандай қатысы жоқ. Таза жыл басындағы тұңғыш кездесу күні. Ақсақал адамдарға балалар ғана емес, жас жігіттер, ересек адамдар да барады. Балалар батасын алып, кәмпит, бауырсақ, құртын қолына ұстап, келесі үлкен үйге шығып кетсе, жігіттер немесе үлкендер жағы тізе бүгіп, үй иесіне өткен жылдан бергі бітірген ісін, немесе қолға алғалы жүрген шаруасын айтып, әңгіме-дүкен құрып қалуы мүмкін. Ал бойжеткен қыздар ауылдағы ісмер, көпті көрген аналарға, жеңгелерге көрісе барады. Сол үйде тоқу, тігу, аспаздық өнер жайлы, таяуда уақыты белгіленіп қойылған қыз ұзату тойы болса, оның жасау-жабдығы жайлы сөз қозғалады. Мұндай белгілі шеберлер де көрісушілерді арнай күтіп отырады.
Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен,
Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып келіскен.
Шалдар бата беріскен, сақтай гөр деп терістен!
Жас қайырлы болсын ағайын!
0 дауыс
Ертеңгі күн - қол алысып -көрісу,
Төс түйістіру, өбісу,
Өкпе - назды кешіру,
Жүректегі кекті өшіру,
Дастарханға бата сұрап, бақ тілеу,
Ырыс қонып, орындалар ақ тілеу.
Жаңа жыл келіп, балаша бір куану,
Шүкір етіп, марқайып бір жұбану.
0 дауыс
Осы көрісу деген адам өлген үйдің жоқтау айтып отырған əйелдерімен келгендердің құшақтасып жылауы емес пе? Көркем шығармаларда да солай.
Былтырдан бері осы бəлені шығарып алды. Осы керек болып бара жатса басқаша атауға болмай ма!?.
Мына жердегі əйелдердің киімі бірдей. Бұрынғы партакраттар ау деймін. Үйлеріне симай өздерінше бұрынғы жандайшаптықты өзгертіп, басқа тері жамылып жүрген.
Сіз неге бәле дейсіз? Кешірерсіз артық кетсем! Бірақ бұл қазақтың салт - дәстүрі. Өкінішке орай Батыс Қазақстан аймақтарында сақталып қаған. Иә көрісу екі мағына білдіреді. Бірақ сіздің бәле деп айтқаныңыз дұрыс емес.
0 дауыс
МАҢҒЫСТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНІҢ ТОЙЛАНУЫ Қазақ ежелгі мұсылмандық Хижра есебін ұстанған халық. Соған орай өзіне тән күнтізбесі, аптаны атау, айды санау, жылды есептеу сияқты есебі бар. Хижра есебі деп біздің заманымыздың 622 жылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккеден Мединаға қоныс аударған жылын айтады. Мұсылмандар осы күннен бастап өз күнтізбесін жариялады. Жыл басын Мұхарам айы, кәзіргіше Наурыз айы деп атады. Міне, содан бері қарай бұл күнтізбе мұсылман есебі болып қалыптасты. Біздің қазақ халқы да осы көне есепті ұстанып, ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Жыл басын Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелу кезінен бастайды. Бірақ Қазақстанның батыс аймағы жыл басын басқа жерлердегідей 22-сінде емес, наурыздың 14-інде тойлайды. Маңғыстаулықтар беріге дейін айлардың (дұрысында жұлдыздардың) арабша атауын пайдаланып келді. Олар: Дәлу, Үт, Амал, Сәуір, Саратан, Зауза, Әсет, Сүмбіле, Мизан, Ақырап, Қауыс, Жеді деп аталады. Олар айдың тууын әр айдың біздің есеп бойынша 14-інен бастаған. Яғни, бізше 14 наурызды айдың бір жаңасы деп есептеген. Өлкемізде осы ескіше (арабша) айлардың аталуына байланысты мақал-мәтелдер, естеліктер бар. Екінші дүниежүлік соғыс ардагері, ауылшаруашылық маманы Бисенбі Әріпов өз еңбегінде мынадай мысал келтірген: «Таразыда таң суыйды» дейді. Әсетте (июль, шілде) таңда таразы деген жұлдыз туады. Осы уақытта таңның салқындауына байланысты айтылған сөз. Немесе «Ақырап, қауыс, кәрі құртаңды тауыс». Мұның мағынасы ақырап (октябрь, қазан), қауыс (ноябрь, қараша) айларында күн салқындайды, кәрі, ақсақ малдарыңды жарататын уақыт болды деген сөз. Міне, осы қауыс (ноябрь, қараша), жеді (декабрь, желтоқсан) айларында күн суытып бұрқақ, өткінші жаңбыр жауады. «Саратан (май, мамыр), зауза (июнь, маусым), сенен де қорқам» дейді екен бұрынғылар. Оның себебі заузада желідегі байлаулы құлын қырылған, енесі ығып кеткен, шай қайнатым уақыт жаңбырлы, желді бұршақ жауып, күн суытқан оқиғалар да болған» (Б.Әріпов, Д.Әріпов. «Маңғыстау – маңғаз мекенім»). Мұражай жұмысына байланысты өлкемізге белгілі аңшы Алдаберді Ақшабаевпен бірге жүргенімізде жеді айын аңшылардың текенің күні, мойын жуары деп есептейтіні жөнінде айтқаны бар-ды. Даладағы арқар, қарақұйрық, киіктердің үйірге түсу мерзімдері әртүрлі. Арқар ақыраптың (октябрь, қазан) 20-27 аралығында, қарақұйрық қауыстың (ноябрь, қараша) 14-21 аралығында, ал киік жедінің (декабрь, желтоқсан) 10-20 аралығында үйірге түседі. Әрине, Маңғыстау тұрғындарының жыл басын наурыздың 14-інен бастауында тек айдың тууы ғана емес, одан да тереңірек заңдылықтар жатуы мүмкін. Оған әртүрлі деректер келтіруге болады. Өйткені табиғатпен біте қайнасқан көшпелі халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжрибесі, ілімі олардың қателеспей, нақты шешімге келуіне жағдай жасайды. 1822-1915 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ даласына белгілі атақты жұлдызшы Бекасыл әулиенің «Жұлдызнама» кітабында көп нәрсе айтылады. Әлем жаратылысын, тарихи шежірелерді терең білген Бекасыл әулие осы кітабындағы «Наурыздың белгісі» деген тарауда: Көк қарға он бесінде келер, Жиырма екісінде күн мен түн теңелер, Бұл кезде жыл есебі берілер. Хамал мен сәуір Отыз бір күннен келер, Сәуір кіргенде бәбісек шақырар. Жыл жақсы болса Оншақты күн бұрын шақырар, – деген бар. («Жұлдызнама». Астана, 2005. 101-102 б.). Көктем жаршысы көк қарғаның наурыздың 15-інде келуі маңғыстаулықтардың айдың бір жаңасы деуімен сәйкес келіп тұрған жоқ па? Қазақтың жаңа жылы туралы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы Ахат әкесі туралы естелігінде былай дейді. «14 март күні әкем бүгін ескіше 1 март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні. Бұрынғы аты наурыз. Парсы тілі. Жаңа күн деген сөз деп айтқаны есімде» дейді. Ал, белгілі архелог А.Астафьев «Маңғыстаулықтардың наурызды қарсы алу ерекшелігі» атты еңбегінде Тұщықұдық ауылының маңынан археологтар шартты түрде «Өтек» деп атаған тастан жасалған бұйымның аршылып алынғанын айтады. Сол «Өтектің» бетіндегі қатар-қатар орналасқан қиғаш тілік түріндегі қарапайым оймыш ғалымдар назарын өзіне аударады. Әр қатардағы тілікті санау және оларды метематикалық есептеу таңқаларлық жаңалықтың ашылуына әкеледі. «Өтекте» аспан айлық жылдың календарлық есебі сызылған екен. Бұл табылған зат кем дегенде 5 мың жыл бұрын жасалғанына қарамастан көне астроном өз есебін өте дәл жүргізіпті. 12 айды 29 күннен есептегенде 6 күнге жетпейтінін байқаған. Сондықтан 11 айды 29, 12-ші айды 36 тілікшемен белгілепті. Жалпы алғанда көне маңғыстаулықтардың аспанайлық күнтізбесі 355 аспанкүндік тәуліктен тұрған. Сондай-ақ А.Астафьев Оңтүстік Сібір түркілерінде уақыт есебі тоғызкүндіктермен жүргізілгенін айтады. Олардың күнтізбесі негізінен жылдың төрт мезгілімен сәйкес келетін төрт температуралық циклға бөлектелген. Есеп күн ұзару басталатын қысқы қысқа күннен жүргізілген. Қысқы суық тоғыз күннен тұратын тоғыз апта – бұл аяздың «тууы» мен «өлуі» (23 желтоқсаннан 14 наурызға дейін). 14 наурыздан бастап жапырақ «есейіп» көкек келетін көктем туады. «Мүмкін осы дәстүр Маңғыстауға XVIII ғасырдың бірінші жартысында Адайлармен бірге көшіп келген шығар» деген өз болжамын да айтады. Адамзат тарихынан жаңа жылды көптеген халықтардың көктемде тойлағанын білеміз. Ежелгі Русьте Христиан дінін қабылдағанға дейін Жаңа жылды 1 март күні қарсы алған. Мейрам күндері орыстар Құт құдайының құрметіне арналған шырақтарды шие ағашына ілген. «Түрлі аурулар мен пәле-жаладан сақтайды» деген наным-сеніммен дастархан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ, үстелдің қақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қойған. Ал, ағылшындар болса, XVIII ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26 мартта тойлап келді. Біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде римдіктердің Жаңа жылды наурыз айынан бастағаны кәзіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталған. Римдіктердің жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен «март» деп атаған. Ал одан берідегі елімізде болып өткен жайларға тоқталар болсақ, Кеңес өкіметінің Халком кеңесі 1918 жылдың 24 қаңтарында «Батыс Европа күнтізбесінің Кеңес өкіметіне енгізілуі» туралы декретімен қолданысқа енгізілді. Бұл кезде екі күнтізбенің айырмашылығы 13 күнге жеткен еді. Ескі күнтізбені 1918 жылдың 31 қаңтарында жауып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санады. Қалай болғанда да көктемнің алғашқы нышаны өлке жерінде наурыздың 14-інде белгілі болады. Олар осы күнді жыл басы деп санаған. Осы күннің алдында (14 наурыздан екі-үш күн бұрын) «Наурыздың ақша қары» жауады. Бірақ ол тез ериді. Кей уақыттарда оны «Құс қанаты» деп те атайды. Яғни, құс келер алдындағы соңғы қар. Тіпті қар жаумаған күннің өзінде салқындық байқалады. Маңғыстаудағы амал (наурыз) күндері сондай белгінің болатынын кез-келген адам байқаған болар деп ойлаймыз. Наурыздың екінші онкүндігінде, нақтырақ айтқанда 16-21 аралығында «Бес қонақ» болады. Бұл күндері табиғатта өзгеріс болып, бұрқақ, жаңбыр немесе қар аралас жаңбыр жауады. Маңғыстау тұрғындары осы «Бесқонақты» өткізіп салғаннан кейін ғана мал төлдетуге Үстірт үстіне көтерілетін болған. Қазақ үшін Наурыз «Ұлыстың ұлы күні» болып есептелген. Өйткені алғашқы мал төлдеп, ауыздың аққа тиетін уақыты да осы. Қыс ызғары қайтады, мал ауызы көкке тиеді. Халық арасында бұл күні «Самарқанның көк тасы да ериді» деген сөз бар. Яғни, жеті қат жер астынан жылы бу көтеріледі, жеті қат көктен нұр жауады. Сонымен қатар осы күні ұяда жатқан құстар да, індегі жануар да, судағы балық та басын көтеріп, бір сәт қозғалмай тұрып, наурызға құрмет қылады деген ұғым да бар. Сонымен қатар ұлыстың ұлы күніне байланысты айтылатын аңыздардың бірінде наурыз күні жаңбыр жауады. Оны халық арасында «Рахмет жаңбыры» деп те атайды. Сол жаңбырдан өсімдіктердің бойына нәр жүгіріп, оған жер бетіндегі тірлік атаулының иелері қатты қуанады екен. Осы кезде терең дарияның түбінде күн кешетін «садап» деп аталатын балық та су бетіне шығып «Ей, Жаратқан, мені де құр қалдырмай өз несібемді бере гөр?!» деп жауып тұрған жаңбырға аузын тосатын көрінеді. Сонда аузына тамған бір тамшыға риза болып «Шапағатыңа рахмет, мен болдым, тойдым» деп қайтадан су түбіне кетіп қозғалмай жата береді. Көп ұзамай оның ішінде әлгі аузына тамған жалғыз тамшыдан гауһар тас пайда болады екен. Дүр гауһар наурыз айының алғашқы жаңбырынан пайда болатын құбылыс көрінеді. Сол гауһардан жер бетіндегі тіршілік ететін өсімдік, жан-жануарларға тұқым тарайды деп те айтылатын. Бұл күні «Наурыз көже» (кей жерлерде «Тілеу көже» деп те аталады) пісіріледі. Маңғыстау тұрғындары қысқы соғымда наурызға арнайы сақтап қойған етін асатын. Бұл «осы күнге аман жеткенімізге» деген құрметтің белгісі. Әрине, наурызға байланысты ырымдар өте көп. Көшпелі халық сол ырымға сенген, құрмет тұтқан. - Жаңа күнге қарап бетін сипаған. Онысы басыма бақыт, ырыс дарысын дегені. - Наурыз күні жауған қарды күремейді, сыпырмайды. Өйткені басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, ерекше таза, көп ұзамай еріп кетеді. - Наурыз күні ыдыс-аяқты сылдырлатпауға, шаңырақ астында орынсыз дауыс көтермеуге тырысады. Әйел құты, ер құты, үй құты-ыдыс-аяқта деп есептейді. - Қыдырып келген баланы үйден құр жібермейді. Өйткені бала – бақыт, бала – періште. Бала үйден өкпелеп шықса, баладан бұрын бақыт есіктен шығады деп есептеген. - Наурыздан бұрын сапарға кеткен жолаушыға сыбаға сақтайды. Бұл өз ошағына аман оралсын деген тілектен туған. - Жасы кішілер Наурыз күні ауылдағы үлкендерге барып сәлемдесуді, қолын ұстап, батасын алуды міндеті санаған. Сонымен қатар өмірден өткендердің басына барып құран оқуды тірілердің парызы деп есептеген. Бұл құрметтің белгісі. Маңғыстаулық қазақтар сонымен қатар Наурыз күні үй ішіндегі кермеге сандықтағы бар қымбат маталарын, киімдерін шығарып іліп қоятын. Бұл біріншіден жасырып қойса киімді пері иеленеді деген ойдан туындаса, екіншіден халқымыздың жарылған жүгерідей аппақ көңілін білдіреді. Қысқасы, халқымыз қай уақытта да Наурызды асыға күтіп, оны жақсылықтың бастауы, жыл он екі айдағы ең негізгі мереке ретінде құрмет тұтқан. (авторы: Отыншы КӨШБАЙҰЛЫ, өлкетанушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі)

Ұқсас сұрақтар

...