+1 дауыс
810 көрілді

Асалаумағаликум құрметті əлеумент  Қазіргі кезде қазақтың ұлтық спортының бірі ұлы да ұлықты тұлғалы спорт əлем осы спорт түрімен Қазақстанды танып жатыр Бұл əрине бүркітшілік мен білетін бұл бүркітшілікпен айналысатын Қазақстан, қытай қазақтары жəне манғоля қазақтары салтты сақтап жыл сайын Бүркіт тойын өткізіп жатыр Осында аты аталған елдерден басқа Қандай мемелекетте қалай бүркіт тойын өткізеді білетін Көмектен қолын аямайтын жандар болса бір көмек етіңіздерші Жəне сол елдердің Бүркіт тойы туралы сілтеме жасаған ресми сайттар болса да болады жəне бүркіт туралы өз ойларыңызды да айтыңыздар Сіздерге Алла Риза Болсын 

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ата-бабамыздан қалған бүркітшілік өнер – қазаққа тән қасиет. Әлем осы бір спорттың түрі арқылы қазақты танып жатыр. Көптеген көшпелі халықтар бүркітті құрмет тұтып келеді 

Моңғолияның Улан-батор қаласында  қазақтың халқының дәстүрлі бүркіт тойы мерекесі өтіп жатыр деп хабарлайды National Digital History порталы news.gogo.mn порталына сілтеме жасап.  

Ел астанасындағы «Шыңғысхан орамы» туризм орталығында өтіп отырған бүркіт тойы биыл оныншы мәрте жалауын көтерді. 

Ата-бабамыздан қалған «бүркітшілік» өнер қазаққа тән қасиет. Әлем осы бір спорттың түрі арқылы қазақты танып жатыр. Көптеген көшпелі халықтар бүркітті құрмет тұтып келеді. Моңғолиядағы қазақ қандастарымыздың ұйымдастырумен өтіп отырған мерекенің басты мақсаты да төл өнерімізді насихаттап, «бүркітшілік» өнерге құрмет көрсету, ел туризімінің ішкі және сыртқы байланыстарын жандандыру. 

Бұл іс шараны Улан-батор қаласынан ғана емес, сырт елдерден сондай-ақ ел ішіндегі өзге өңірлерден 2000-дай адам келіп тамашалауда. 

Оныншы мәрте өтіп жатқан бұл шараға әлемге танымал құсбегі, Айшолпан Нұрғайыпта қатысып жатыр. Ұлттық кимін сәндеп киіп жарасымды бөрік киген Айшолпан қыз биыл 17 жаста. Қыстың қақаған аязына қарамай ұлттық өнерді серік етке бүркітші қыз тауға шығып аң аулап бүркіт тойы мерекесін қыздыруда.  

Бүркітші қыз Айшолпан америкалық режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntres» атты деректі фильміне түсіп,  ата-баба дәстүрі бүркітшілік өнерді әлемге паш етті. Бүркітші Айшолпан Нұрғайып Улан-батордағы бүркіт тойына екінші мәрте қатысыпжатыр. Үш жылдың алдында ғана Қазақ халқының «Бүркіт тойында» қатысып 80 -дей бүркітшінің арасынан бір өзі топ жарып, жеңімпаз атанған болатын. 

Моңғолияда 2000 жылы Бүркітшілер одағы құрылған. Оның мақсаты – қазақтың төл өнерін бәз қалпында сақтау, алыс-жақын елдерге таныстыру, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Осы уақыттан бастап Моңғолияда жыл сайын дәстүрлі бүркітшілер тойы өткізіледі. Бұл тойға алыс-жақын шетелден саяхатшылар арнайы барады екен.

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/2904
© e-history.kz

...