0 дауыс
24.9k көрілді
Бет терісіндегі ақ дақ не себептен болады? Және одан қалай құтылуға болады?

3 жауап

+1 дауыс
Әуелі бұл ақтаңдақтың пайда болу себебін білу қажет.
 Ақтаңдақ (пигментті ақтар) теріге туа бітеді. Сондай-ақ ағза қызметіндегі әр түрлі ауытқуларға байланысты  немесе сыртқы жағдайлардың (күюден, үсуден кейін) ықпалынан да болуы мүмкін. Әр түрлі ақтаңдақ бүйрек безі ауырған кезде, ағзаға никотин қышқылы, сондай-ақ витаминдер (пеллагра) күрт жетіспей қалған жағдайда пайда болады.
Ақтаңдақты тұрғылықты жерде дәрігерлік-косметологиялық мекемелерде емдейді. Үй жағдайында дақты аздап кетіру үшін теріні ащы айранмен сүртуге болады. Сондай-ақ кейбір дәрі-дәрмекті өздерің де дайындап ала аласыңдар. Ол үшін бір қасық лимон шырыны мен асқа пайдаланатын әлсіз сірке суын араластырып, оған  шай қасық қайнаған су қосады. Мұндай қоспамен бетті күн сайын сүртіп тұру керек. Сондай-ақ бетті туралған лимонмен, қиярмен, ащыған айранмен сүртіп, сонан соң жуады да, опа жағады. Ақтаңдақты толық кетіру үнемі мүмкін бола бермейді. Дегенмен бір-екі ай бойы дәрі-дәрмекті үзбей жағып жүру айтарлықтай нәтиже береді.
+2 дауыс
"Бет дамның ішкі айнасы"  Ол дақ бүйрегіңіздің ауыратындығының белгісі. Одан құтылу үшін, бүйрегіңізді емдеу керек. қалай дейсіз ғой, халық емінің бір-екеуін айта кетейін:  Күнде таңертең ашқарынға лимонның жартысын қабығымен қоса жеңіз, ал қалған жартысын жатарда жейсіз, көп өтпей ол оң нәтижесін береді, бетіңіз тап-таза боп шыға келеді.   Тағы бірі: дәріханаларда сатылатын сұлыны (овес) сатып алыңыз да кәдеңізге жаратыңыз, ал оны қалай пайдалану керектігі сыртында жазулы тұрады. Іске сәт!!!
0 дауыс
одан құтылудың ең жақсы әдісі күнде айран-сүт ішсең мұның бәрінен құтыласың. қосымша  (muscle) боласын
Күнделікті айранды ішкенмен қатар бет терісін сүртіп отырған пайдалы.
...