+1 дауыс
5.2k көрілді

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалқаулықтан құтылудың бір жолы - өзіңді өзің сыйлау деп білемін. Еріншектің ертеңі бітпес дейді ғой. Өзіңді сыйласаң, жалқаулыққа жол бермейсің. Уақытыңды босқа өткізбе! Уақытыңды жалқаулыққа кетіргенше, пайдалы іспен айналыс. Осының бәрі біреу үшін емес, ӨЗІҢ үшін!
Әр сәттің қадірін біл!
ХХІ ғасыр - жалқаулыққа уақыт жоқ!
(Қызу тіршілікте уақыт жетпей жүргенде, жалқаулық туралы айтқаныңыз қызық екен):)
енді біреуге уақыт тапшы, еңбекқорларға, ал қалғандарына керісінше! Сіз уақытыңызды тиімді пайдаланатын кісі сияқтысыз!
Белгісіз
Аллаға шүкір өз уақытымды бағалай алатын тұлғалар қатарындамын деп айта алам.
Бұл сұрақ мен жайлы емес, бұл сұрақ ғаламдық сұраққа айланған. Өйткені күн санап, жалқаулардың саны артып келеді...
+1 дауыс
Өзіңнің құтылайын деген ниетің болса оңай құтылуға болады
+4 дауыс
Қымбатты S.A.K! Адам өмірде өз дегені орындалмаған сайын, оған өкпелеген сыңай танытып, жатып алуы мүмкін. Әрине, оны өзі де біле бермейді, іштей арпалысумен жүреді. Өмірде жоқ нәрсені армандайды да, соны күткендей, ол келетіндей күйге түседі. Негізі армандар орындалады, тек қимылдау керек. "Жүргенге жөргем ілінеді" деген, өмір - қимыл-қозғалыстан тұрады. Алыңызға мақсат қойыңыз, соған ұмтылыңыз, сонда жалқаулығыңыздың қайда қалғанын өзіңз де ұқпай қаласыз))

Осыған орай бір мысал келтіре кетейін: "Ертеде бір бай өмір сүріпті, оған кереғар ауылда бір еңбеккер шаруа да өмір сүрген екен. Ол диқаншылықпен айналысыпты. Күндердің күнінде бір "тұмау" (ауру) делебесі қозып, адамдардың ішіне кіріп алмақ болып ниеттенеді. Келе жатып әлгі ауылға кез болады да, егін егіп жатқан шаруаның қонышына кіріп кетеді. Шаруа оған қарасын ба, мақсатына жету керек, ауруға уақыты да жоқ еді. Ал тұмауға жылы, қимылсыз, қараңғы жер керек. Әрі-бері әурелегенге болмаған соң, одан шығып әлгі байға келеді де қонышына жатып алады. Байда қызық, ауырдым деп бәйбішесіне байбалам салып, бәйбішесі оны қабат-қабат орап, жатқызып қояды. Соңында ауру меңдеп, ол дүниеден өткен екен."
Иә, мынадан кейін қалай жалқау боласыз? )))
*
<font color='red'>*Пы/сы: Сұрақ қоймас бұрын оның қатесіз екеніне көз жеткізу керек. Сұрақты негізгі бөлікке жазу керек.*

![enter image description here][1]
<font color='red'>Мына суретте сіздің сұрағыңыздың мен өңдегенге дейінгі жағдайы. Алдымен сұрақ қойып болған соң сұрау белгісі (?) араға орын қалдырылмай қойылады және сұрақ белгісінен кейін бас әріппен жазылады.
Сұрақты қойып болғаннан соң САНАТТЫ дұрыс таңдаймыз, мен өңдегенге дейін оны Өнер адамы түзулеп кетіпті.
*
Сұрақ қойғанда  "Ілмектерді - ажырату үшін (,) үтір қолданылады:" деген жерді бос қалдырмау керек. Ілмек дегеніміз не? Ол - нұсқаулық. Яғни, сіз сұрағыңызға байланысты сөздерді ілмекке жазуға міндеттісіз, сонда ол кез-келген адамға гугл яки тағы сол секілді іздеу мүмкіндіктеріне нұсқаулық бола алады. Мысалы, "Жалқаулықтан қалай құтылуға болады? Не себептен адам жалқау болып қалады?" деген сұрағыңыздан ілмекке осы сұрақтың бастапқы ойдағы сөзді жазуыңыз керек. Сұрақ не жайлы? Жалқаулық, құтылу, көмек, осы сөздерді ілмекке жазуға тырысыңыз. Алдағы сұрақтарда назарға алатындарыңызға сенемін.  Сәттілік!

  [1]:
ең алдымен тв,агенттен арылу керек. оте пысык болу керек
Ok !! Айтқандарыңыздай болсын )))

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...