0 дауыс
14.1k көрілді
Секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас  қоңырқай дақтарға айналады. Сол Бет терісіндегі сепкілді қалай кетіруге болады?

5 жауап

+1 дауыс
Секпілді кетіру

1. Пияздың, лимонның сөлін және асқа пайдаланатын сіркесуды (әрқайсысын 25 грамнан) бір ыдысқа құйып, араластырып, бетіңізге 25 рет маска жасаңыз.

2. Сутегінің 3 пайыздық тотығының 100 грамын 5 грамм мүсәтір спиртіне араластырып, бетіңізді ылғалдаңыз. 15 минуттан кейін тері ағартатын крем жағыңыз.

3. Бір түйір лимонның сөліне 100 грамм бал араластырып, оны бетіңізге 1-5-10 мәрте жағыңыз. Содан соң жылы сумен шайып тастаңыз.

4. Осындай маска жасаумен қатар С дәруменін (20-30 күн бойы 1-1,5 грамнан) және РР дәруменін (никтоламид, никтотин қышқылы) күніне 3 түймедақтан қабылдаған жөн.
–1 дауыс
Мен бір аурумен ауырып қалған болатынмын. Бетімнен жаралар шығып кетті.Сол кезде маған Клервин берген жақ деп. Соны алып көр
+1 дауыс
Секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша пішінді, ашық сары, қара қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Кейде, әсіресе көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас  қоңырқай дақтарға айналады. Қыстыгүні  секпіл біржола жойылып кетпесе де, бұрынғысынан азая түседі. Жас ұлғая келе, көбінесе 30-дан асқан соң, секпіл өз-өзінен жоғалады. Секпілді біржолата жоюдың амалы жоқ. Дегенмен де алдын-ала жасалатын емдік шаралардың мәні зор.

Күн қыза бастағаннан (наурыз айының аяғында) кейін және күздің соңғы айларында көшеге шығар алдында бетке арнайы крем жағу керек.

Секпілдің дағын байқатпау үшін бетті қатықпен, ашыған айранмен сылап, сутегі асқын тотығының 3 проценттік ерітіндісімен сүрткен тиімді.

Жазғы уақытта бетті лимонның немесе пісіп жетілмеген қарақаттың шырынымен сүрткен пайдалы. Секпілді түссіздендіру үшін «Мелан», «Ахромин» кремдерін пайдалануға болады. Бетті жақсылап тазалап алған соң кремді жағып, 40-60 минут ұстап, мақтамен сүртіп тастау керек. Бұдан кейін бетті жуудың қажеті жоқ. Бұл кремдерді күндіз көшеге шығарда жағуға және жүкті әйелдерге пайдалануға болмайды.

Ал секпілді кетіру үшін емдік косметика кабинеттеріне барып көрінген жөн.

http://www.kyzdaralemi.kz/sylulyk-syrlari/65-bezeudi-ketiru-kenestery.html
0 дауыс
Табиғи глина жақсы көмектеседі.Толық кетірмесе де оларды ағартып,беттің терісін де нәрлендіреді дейтін.
+1 дауыс
иа , секпілдер жаман ! кремдер дұрыс көмектеспейді менің бетімде аздап бар содан жақпаған кремім жоқ болды.Маскаларда жасап көрдім мүмкін кейбір беттерге көмектескенімен кейбіреулердікін кетірмейді екен . Секпіл негізі кетпейді белгілі бір жасқа келгенде кетіп қалады . Секпіл көбісінде  теріні  қорғайда көктем кезінде көбейетіні де сол. Тұқым қуалайды. Айтпақшы мен естігем бір  өте қымбат крем дер бар 20-30 мың тұрады соны жақса бет аппақ болып бәрін жояды екен деп сосын беттегі секпіл безеуді лазер мен кетіреді екен деп . Секпілді біреулер адамның асқазанынан деп те айтады . Сондықтан асқазанды тазалау керек деп . Бауыр бүйрек ауырған кезде көбейіп кетеді дейді . Лимон суы мен жумыртқаның сарысын , бал мен лимон суы , тау бүлдіргені , айран , сүт  деген сияқтыларды жағыныз мүмкін көмектесіп қалады . Мен бұрын ерінбей маска жасау шы едім  қазір уақыт жоқ секпілге де мән бермейтін болдым.
...