Жапонның "автомобиль королі" атанған Хонда өзінің жалғыз ұлын жоғары оқу орнын бітірген соң компанияғы жәй жұмысшы етіп жұмысқа алады және оның басшыларына "аямай жұмсаңдар, жұмыс істей алмаса, қуып жіберіңдер" деп тапсырады. Жанын салып жұмыс жасаған ұлын, содан кейін шебер, цех бастығы, етіп көтеріп, барлық қызмет сатыларынан өткізеді. Соңында ұлына "сен барлық қызмет сатысынан өтіп, өзіңнің қолыңнан жұмыс келетінін дәлелдедің, енді осы компанияны басқарасың" деп бар билікті оған қалдырып, өзі демалысқа кетеді. Баласын шын сүйетін әке осылай жасауы тиіс. Ал қазіргі байлар балаларын бетінен қақпай өсіреді, ақшамен білім әпереді, содан кейін таныс арқылы лауазымды қызметке қояды, өсіреді. Өмірден түк көрмей өскен баладан не шықпақ? Сондай балалардың бірі бүгінде үлкен лауазымды қызметтен айрылып жемқор атанып, үйқамаққа алынды. Ал өмірден қиындық көріп, жақсы мен жаманды біліп өскен бала, өз болашағын өзі жасайды.