0 дауыс
1.8k көрілді
Сендердің ойыңша бұл өмірде қиындықты көп көрген адам қандай болады?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ол адамның санасына байланысты. Кейбірі мықты болып қиындықты жеңіп шығады, ал кейбірі қиындықтарына біреуді кінəлəп, жүрген жерде соны айтып аякшылық күтіп, қиналып жүре береді.
Қосылам. Менің жанымда  тура осындай жан бар.      "ал кейбірі қиындықтарына біреуді кінəлəп, жүрген жерде соны айтып аякшылық күтіп, қиналып жүре береді."
Ашуыңа тиеді даааа иногда))
0 дауыс
Шашы ағарып кеткен болады, нервный ешкімді аямайды,сындырады.
0 дауыс
Кiсiлiгi болмайды және сөз көтергiш болады.
0 дауыс
Жақсы қайғыңды бөлісуге таптырмайтын жылы жүректі боп кететін сияқты. Өз басым сондай қиындық көп көрген адамдарды жақын көріп тұрам басқалардан гөрі
0 дауыс
Сабырлы, адал, иманды, мейірімді, көңілі ақ, ешқандай ғайбат айтпайтын, еңбекқор, әркімнің сөздерін көтере алатын, үнемі опасыздық көрсе де адамдарға сенім білдіреді. Таудай жамандық жасаса да бір ақ сәтте кешіретін.
0 дауыс
Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра деген. Қиындық көп көрген адамдар көп жағдайда сабырлы болып, ақылмен шешіп, қиындықта адамдардың қасынан табылатын болса, ал кей бірі сабырсыз, жүйкесі жұқарған, өзі жүнжіп кеткен, жанындағы адамдарға зиянын тигізетін болып келеді. Қиындық көрдім екен деп, басқаларға зиянын тигізуі, біреуді ренжітуі, өз-өзін тастап қойғаны дұрыс емес.
Аллаһ сабырлыларды жақсы көреді.
Ал сабырлы адам,біреуге шағым айтпай тек Алладан тілеген адам. Қиындық көрген адам, Алланың жақсы көрген құлы болып келсе, кей бірі керісінше.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
Қазақ баласы (кешіріңіз, атымды жариялағ 11.11.2023 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
+2 дауыс
9 жауап
Белгісіз 22.09.2014 Психология сұрақ қойды
...