0 дауыс
5.4k көрілді
Қиындық деген не?Жалпы сіздің осыған қатысты ойыңыз қандай?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қиындық-өмірде кездесетін жайсыз,жағымсыз кездер.Өмір болғасын қиындықтар да болады,қиындықсыз өмір болмайды.Бірақ қиындықты жеңе білу керек,мойымау керек.
0 дауыс

Егер қиындық болмаса өмірде еш мағынасыз болар еді

0 дауыс
Қиындық деген өмірде болатын келеңсіз жағдайлар.Қиындық арқылы жан доспен мал досты ажырата аламыз.Қиындықсыз қай достың адал екенін білуге болады.Қиындықтарда адамға осы жағынан көмектеседі.Қиындыққа түскен адам өмірдің мәнін ұғынады.Өмір қиындығымен қызықты!
0 дауыс
Қиындық қатпарлы да соқпақты кезең. Бұл кезде адам шарасыз күйге бөленіп, өмірдің бар қиыншылықтары оған қарсы бағытталады.
0 дауыс
Эххххххх... дейтін кездер ғой, қиындық деген. Жас кезінде бейнет көру қиындық. Қартайған шақта зейнет көру қиындықтың жемісі. Талмай еңбек ету, қара жұмыс жасау - қиындық. Натижесі - қиындықтың жемісі. махаббат жолындағы ұмтылыс, жолдың болмауы, сезімнің бағаланбауы, екінші біреудің қарамай қоюы - қиындық. Ал сол мах-т жолында қиындыққа мойымай алға ұмтылу, жүрегін жаулап алу үшін талпыныс болса, онда онда да жемісті болады. сабақта да, үйде де, жұмыста да, ситуацияда да сәтсіздікке ұшырау, шешімнің табылмауы, мәселенің ушығуы - қиындық. Кез-келген істе қиындық болады деп түсінемін. өзімнің жеке пікірім.
0 дауыс

Кейде өзіміз байқамайтын әдеттер біздің санамыз бен әрекеттерімізге айтарлықтай әсер етеді. Олардың көбі сәтсіздіктерге жолықтыратыны жасырын емес.

1. Уәдені орындамау әдеті

Көп адам біреуге берген уәдесін орындауға бар күшін салса да, өзіне берген сөзіне мән бермей жатады. “Жүгіруді келесі апта бастаймын”, “бұдан кейін дұрыс тамақтанамын”, “денсаулығыма мән беремін”, “жұмысымды ауыстырамын”, “біліктілігімді арттырамын” дейді. Өкінішке орай көп жағдайда орындалмай қалады. Осы жаман әдеттің кесірінен адам өзіне қатысты бақылаудан ажырап қалады.

Бұл әдеттен арылу мақсатында әр жетістігіңіз үшін өз-өзіңізді марапаттап отырыңыз. Бұл мақсатқа жетуге деген құштарлығыңызды арттырады.

2. Оятқыштың уақытын өзгерте беру әдеті

Оятқышты өшіріп, құлағын тағы да 10 минутқа кейін бұру арқылы “бір күндік сәтсіздікке” жол аштым деп ойлай беріңіз. Оятқыштағы уақытты қайта-қайта ауыстырсаңыз, ұйқының циклы бұзылады. Нәтижесінде сіз ойлағандай 5-10 минутта ұйқы қанып үлгермейді. Өзіңізді одан сайын шаршаңқы сезінесіз. Сол себепті оятқышты нақ тұратын уақытыңызға ғана қойыңыз.

Сондай-ақ таңғы уақытта жұмыстың өнімділігі артатынын ескеріңіз. Ерте біткен іс сізді жетістікке жетелейді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз. 

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
9 жауап
Белгісіз 22.09.2014 Психология сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
Қазақ баласы (кешіріңіз, атымды жариялағ 11.11.2023 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
...