+2 дауыс
451 көрілді
Бір қарт апа ескі ұялы телефонын жөндетуге алып барды. Телефонды ары-бері тексеріп қараған жігіттер оның бұзылмағанын, толық жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Сонда жүзін қайғы мен мұң шалған қария:"Олай болса балаларым неге маған хабарласпайды?" деп еңкілдеп жылап жіберді.
Дүкендегі жігіттер оған қандай жұбату айту керектігін білмей қалды.

Ата анамызға жиі хабарласып алыста болсақта көңілдерін аулап тұрайық!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір жолы бір танысымнан болашақтағы жоспары жайлы сұрап едім, балалы болғысы келмейтінін айтты. Мен таңғалыспен себебін сұрадым. "Балам мені ешқашан мен оны жақсы көргендей жақсы көрмейтін болады"-деді. Бұл сөзінің жаны бардай көрінді... Оған қарсы ештеңе айтқан жоқпын... "Ата-ананың махаббаты қайта қайтарылатын емес, әрдайым тек қабылдап алынатын нәрсе сияқты. Біз қанша тырссақ та, анау айтқандай ата-анамыздың шексіз махаббатына тең келе алмаймыз, қарызын ешқашан өтей алмаймыз. Ата-анамыз сыйлаған махаббат, мейірімді, отбасы жылуын кейін өз балаларымызға қайтарып беру - біздің, балалардың міндеті сияқты. Осылай шеңбер бойымен жалғаса беретін сияқты..."-деген ой келді оның айтқанын тыңдағаннан кейін....
Жауабының ойландыратын жақтары бар !!!
не деген керемет сөздер! Таң қалмайын десеңде еріксіз таң қалдырады.Әсіресе "Ата-ананың махаббаты қайта қайтарылатын емес, әрдайым тек қабылдап алынатын нәрсе сияқты."
+1 дауыс
Ғибратты әңгімелер деген парақшадан оқығаным есімде.Автор жақсы жазған.Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада дегендей ғой.Бала жұмысына көп көңіл бөліп,кей-кездері ата-анасына қоңырау шалуды ұмытады,ал ата-ана қандай жағдайда да баласын ойлайды

Ұқсас сұрақтар

...