0 дауыс
3.9k көрілді

3 жауап

+1 дауыс
көп сөйлегенде аз сөйлегенде жаманго,зияны жок шығар,тек ерсі боп көрінедіго зыпылдап сөйлей берген,аз сөйлегенде жаман тек өз орнымен сойлеп білген жақсыго...
+2 дауыс
"Ақылды кісі аз сойлейді" - деген сөз бар.
Құнды сөз құнарлы ойдан шығады.

Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады...

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Мыналарда бар екен.
Жалпы көбі шынымен сөз қадірін білмейді. Мысалы "Ғылым таппай мақтанбаларды" жай бастауыштардың тақпағы деп қарап, оның сөзіне мән бермейтіндер көп.
Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

Артық сөйле,кем сөйле,таразылап тең сөйле.

Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі.

Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз.

Мыналарда бар екен.
Жылататын да, жұбататын да - сөз.

Сөз - өмірдің ұлы қаруы.

Сөз - халықтң қымбаттан қымбат кені.

Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл.

Тіл - миллиондаған ұрпақ жасаған жанды зат.

Осыларда бар екен.
Қаһарлы сөз- қамал бұзар.

Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.

Жақсы байқап сөйлер,жаман щайқап сөйлер.

Бал тамған тілден,у тамар.

Сөз қуған бәлеге жолығар.

Осыларда бар екен.
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

 Піл көтермегенді,тіл көтереді.

Сөз асылы – мақал.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

Жақсы сөз-жарым ырыс.

Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.

Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды.

Тілде тиек жоқ,

Ауызда жиек  жоқ.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.

Тіл  - буынсыз, ой түпсіз.

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы  - ой.

Тіл жүйріктен де озады.

Туған ел - түғырың,
Туған тіл – қыдырың.

Ең тәтті де - тіл,
Ең ашты да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.
0 дауыс
АЗ СӨЗ АЛТЫН КӨП СӨЗ-КӨМІР КӨП СӨЗ-БОҚ СӨЗ
...