+1 дауыс
704 көрілді
Ылғи жүйесіз ойлаймын.Бір шешім қабылдаймын, тағы да бір шешімді қабылдаймын.Онымның бәрі бос елес боп шығады.
Өмірім бір түсініксіз, түк мағынасы жоқ."Пустота".
Сұрақтың жабылу себебі: Рахмет, Көркем.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
*Егер сіз осылай деп ойласаңыз, шынымен де "пустото" болып қалады. Ойыңызды жақсы жақа бағыттасаңыз, өзгерісті байқай бастайсыз. Басқаша ойлау әрине қиын, сіз оған сенбеуіңіз мүмкін, бірақ сонда да бас тартпай жақсы жақтарды ғана ойлай береңіз үйренесіз. "Анау ғой, мынау ғой" дееееп жүре берсеңіз, жүре бересіз, біліп қойыңыз сіз үшін ешкім де өмір сүрмейді, сіз үшін қуанып, сіз үшін қайғырмайды. Өмір сіздікі болғандықтан, жақсылыққа ұмтылыңыз. Дұрыс қиялдай біліңіз. "Ылғи жүйесіз ойлаймын, ойымның бәрі бос елес" деген ойыңызды "жоқ, бәрі ойдағыдай сәл сабыр сақтайын бәрі де жақсы болады, мен оған кәміл сенем" деп, ал "өмірім түк түсініксіз, түк мағынасы жоқ" деген ойыңыздың орнына "өмір қызық қой, бүгінгі қиналғаным ештеңе емес, ертең-ақ күнім жарқырап шыға келеді, ммм өмір неткен ғажап, мен бақыттымын" деп өзгертіңіз де сеніңіз, шынымен де өміріңіз өзгереді. Мен солай ойладым енді неге болмай жатыр деп асығыстық жасап жүрмеңіз, мысалы сіз қызанақ ектіңіз делік, бүгін ексеңіз ертең пісіп шыға келмейді ғой, сіз оған ерекше күтім жасап, суарып, жан-жағын арам шөптен тазалайсыз, солай ғой? Сонда қызанағыңыз күзде жақсы жеміс береді, сол сияқты сіз де өз ойыңызды жаман ойлардан тазартып, жақсы жаққа бағыттасаңыз, сөзсіз жетістікке жетесіз.
Сәттілік тілеймін!!!*(f)
...