Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Тіл - буынсыз, ой түпсіз.
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы - ой.
Тіл жүйріктен де озады.
Туған ел - түғырың,
Туған тіл – қыдырың.
Ең тәтті де - тіл,
Ең ашты да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.