+2 дауыс
671 көрілді

Линда апай маған: 

"Ештеңеден үміт күтпеген жақсы.

 Сонда ешқашан көңілің қалмайды" - деді. 

Бірақ көңілің қалғаннан гөрі ештеңеден 

үміттене алмаған тіпті де жаман нәрсе емес пе?  

(Люси Мод Монтгомери. "Жасыл шатырдағы Энн")

 

Әлденеден (әлдекімнен) неғұрлым көп үміт күтсең, соғұрлым көңілің қатты қалатыны рас па? Солай екен деп көңілің қалмау үшін ештеңеден үміттенбеген дұрыс па?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамдығымызга бара береміз да, сонша тәтті жүзімді жеп отырып iшiнен біреуі дәмсіз шықса бүкіл жүзімді жамандаймыз,  сол сияқты бишара үміт не қылсын енді !!!!
+2 дауыс
Ешкiмнен үмiт күтпе, ешкiмге арқа сүйеме, ешкiмге үмiт артпа, ешкiмге сенбе. Уақытыңды зая кетiресiң.
0 дауыс
Қысқасы өмір деген жизньғой(В.Кличко) деген ұстаныммен жүре берген дұрысқо.
+2 дауыс
Әркімнің өз ұстанымы бар. Мен, керісінше, ештеңеден ешқашан да ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ. Иә, көңілім қалған сәттер болды. Бірақ үміттенбесем, күш-қуатым, ниетім болмайды. Ал ынта, жігер болмаса, арманыма қалай қол жеткіземін? Сол үшін де үміт үзбеймін.
+1 дауыс
Үмітсіз сайтан, деген сөз бар халықта,ежелден айтылып келе жатқан.Халық айтса қалыс айтпайды деген сөз тағы бар. Өмірдің бәрі қызық бола бермейді қиыншылығы да қатар жүреді 50х50 ғой қайда барсаң да.Үмітіңді узбе дегім келеді!
+2 дауыс
Меніңше Линда апай адамның көңіл күйін түсіргісі келетін сияқты.
0 дауыс
Адамды өмірінің соңына дейін кез келген қиыншылықта,жағдайда алға қарай жетелейтін нәрсе үміт қой.Бір сөзбен үміттенбеген дұрыс емес
...