+2 дауыс
3.0k көрілді
Үміт жайлы афоризмдер білсеңіз айтсаңыздар әрине қыйын болмаса ?

Бастап берейін:      Ештеңесі жоқ адамның да үміті бар !!!!

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Линда апай маған: "Ештеңеден үміт күтпеген жақсы. Сонда ешқашан көңілің қалмайды" - деді. Бірақ көңілің қалғаннан гөрі ештеңеден үміттене алмаған тіпті де жаман нәрсе емес пе? 

(Люси Мод Монтгомери. "Жасыл шатырдағы Энн")

Үміт адамға азапқа толы өмірді тастап кетпеуі үшін берілген. 

(Ницше)

Адамды қартайтатын - әжім емес, арманы мен үмітінің жоқтығы. 

(Хорхе Анхель Ливрага)

Бір адамға үміттенуді үйрете алсам, өмірім босқа кетпеді деп айта алам.

(Мартин Лютер Кинг)

Үміт - дәмді таңғы ас бола алады, бірақ кешкі ас болуға жарамайды. 

(Френсис Бэкон)

 

Ницше менен Мартинг ағаға Базар жоқ, үміт жайлы оригинал пiкiрлер !!!!
Оны жеткізген сізге да рахмет !!!!
+3 дауыс
Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек.
Жүсіпбек Аймауытов
Үміт өрге,үмітсіздік көрге тартады.
Бауыржан Момышұлы
Үмітін жоғалтқан жан,ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
Б. Момышұлы
+3 дауыс

Үміт - белгілі дәрігерліердің ішінде ең үздігі   (А.Дюма)

Үмітсіз - шайтан (қазақ мәтелі), (Бұның мағынасы негізі барлық айтылған афоризмдерден асып кетеді), 

+1 дауыс
Үміт жүректі қуанышқа толтырады.

(с) Менандр

Өмірдің басы - үміт, соңы өкініш.
...