Қандай жағдайларда тұрғын үй алуға кезектен алып тастауы мүмкін? «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабына сәйкес тұрғын үйді алуға кезектен мынадай жағдайларда алып тастай алады: тұрғын үйді ұсыну негізі жойылды; сіз басқа елді мекенге тұрғылықты жерге көшуді немесе мемлекеттік кәсіпорыннан немесе мемлекеттік мекемеден жұмыстан шығуға шешім қабылдасаңыз; тұрғын үй қажеттілігі туралы ұсынылған ақпарат құжаттарды тапсыруда шындыққа жанаспайтын болып табылса; сіз жер учаскесін алдыңыз және өз тұрғын үйіңіздің құрылысын немесе тұрғын үйді сатып алуды аяқтадыңыз. Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж және тұрғын үйді алуға дейін есепке қойылған толық емес отбасылар кезектен алына алмайды. Кезектен алу туралы сізді есептен алу негіздерін көрсетумен шешім қабылданғаннан кейін 10-күндік мерзім ішінде жазбаша түрде міндетті түрде хабардар етуі тиіс.
http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/buy_sell_rent/article/receive_housing&lang=kk
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы