0 дауыс
635 көрілді
Неге біз жалқаумыз? Бізге карлик Литва, Латвия елінен келіп егін егуді үйретеміз дейді. Оздеринде жер жок. Биз аркылы пайда тапкысы келеди. Биз Инвестор керек деп жалтактай беремиз. Касипкерликте акша ен маныздысы емес. Енбеккорлык, Ынта, Белсендилик керек...

5 жауап

+1 дауыс
Қазақ молшылықта өмір сүргендіктен жалқау.Өзінің қолынан келсе де өзгеге жасатқанды жөн санайды,әрине бәрі емес.
0 дауыс
Көшпелі өмірден енді ғана отырықшылыққа ойысып бара жатқанда социализм деген құрсауға кірді де кетті. Осыны ойласам нарықтық заманда қазағымның қазіргідей дамығаны таңғалдырады)
0 дауыс
Мен айтайын:Қазақ жалқау халық емес.Сол Литвалықтарың тіпті неміс,ағылшындарың да келген ауыл шаруашылығын қатыра қалатын болып,ақырында шыдай алмай безіп кеткен ғой.Қазақтың қысы өте қатал сібір секілді, жазы өте ыстық Африканың климаты дерсің,мал бағу өте қиын соған олар төзе алмаған.

Қазақ жалқау емес,жалқау болса әр үйде 7-8 баладан кей үйлерде 10-12 баладан бола ма?,оны көзбен көріп өстік қой, мектепке симайтынбыз..

Шетелдіктер қазақтарға жаны ашығаннан келіп жатқан жоқ.Олар лажы болса сенің байлығыңды алып,өзіңді тыр-жалаңаш шешіндіреді да жібереді.

Шымкенттің алып зауыттары тоқырау кезінде тоқтаған.Оған шетелдіктер келіп жүргіземіз деп ішін аралап жүріп,соншама үлкендігіне ауыздары ашылып,мына зауыттың ішінде ары-бері автобустар қатынайтын шығар депті.Зауыттың ішінде адасып,қайтып оралмай кеткен.Шетелдің зауыттарын көргем,зауытқа ұқсамайды,бір спорт залдай ғана жерде комбайындары конвейерлерден шығып жатыр.

Жалқау деп балаға қараудан қашатын, бағып-қағып өсіргісі келмейтін, тумайтын сол шетелдіктерді айту керек.Жандарын аяп қалған,қара бастарын ғана ойлап.

Айналайындар ау, ауылда 10 бала өсірген апаларымызды,қиындықпен жұмыс істеп пейнеттеніп,оларды өсіріп жеткізген аталарымыз жалқау ма а?

Литваны да европаны да көргем,ол жақта ауа-райы өте жанға жайлы,жазы да қысы да жұмсақ,Қызылордадағыдай қысы-жазы азынаған вечный жел жоқ.Әрине оларға алаңсыз асықпай баптап тұрып жұмыс істеуге ыңғайлы ҚАРА БАСТАРЫ ҮШІН,ТУЫСТАРЫМЕН АРЛАСПАЙДЫ ДА,бір ақ бала,кейбіреулерінде ол да жоқ . Әсіресе олар аз жұмыс істеп, көп демалады,бос уақыттарында үйлерінің сыртын асықпааааай әдемілеп сәндеп қояды. Біздің бір облыстардағыдай сыртына домбазды ұрған соң болды,ВЕЧНО қолдары тимей кетпейді.Қазақтарда ондай уақытта жоқ қой шыны керек.Сосын бізде туған-туыстар көп,той да көп,проблема да көп,уақыт жоқ демалуға.
Шынымен ғой,жазда ыстық жел,қыста суық жел азынап тұрсы қайтіп жұмыс істейсің,өліп кетесің ғой үйде тығылып отырмасаң.Ал қазақтар сонда да қайтпай жұмыс істеп келеді.Шетелдіктерің шыдамайды. оған
+1 дауыс
Қазақтар шыдамсыз бір нəрсені бастаса соңына жеткенше шыдамсызданып, болайын деп тұрған істі соңына жеткізбей тастап кете салады. Сондықтан мақсатыга жете алмай тайып жатады.
0 дауыс
Мәселе туылған бала санында емес, жеткен жетістіктерімізде емес, алға қойған мақсаттарымызда... Болшақта қандай боламыз? Айдаһар мен Аюдын арасында жем болмаймыз ба? Қазақ жас кәсіпкерлері коп болу керек. Соған ұмтылайық ағайын!!!
...