0 дауыс
3.5k көрілді

Кейбір адамдар өзінің қабілетіне сүйеніп, көп еңбек етпесе де мақсатына жетуге тырысады. Ал кейбіреулердің айтарлықтай қабілеті болмаса да, үнемі іздене жүріп, еңбектене жүріп мақсатына жетуге талпынады. Сіз өзіңізді қайсы топқа жатқызасыз? Олардың қайсысының жетістігін жоғары бағалайсыз? 

15 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
өзімнің керемет қабілетім жоқ. ізденістің арқасында жүрмін
0 дауыс
Менің білімім, біліктілігім, тәжірибем жұмысымды оңай атқаруыма сеп. Негізі жақсы басшылар өз командаларына жақсы мамандарды іздейді.
+1 дауыс
Еңбекқорлық - арқасында 63 жаста зейнетақыға қол жеткізесің. Қабілетіңді пайдаланып іс ашсаң - 40-50 жасқа жетпей-ақ жағдайыңды жасап аласың.
0 дауыс
Еңбек етсең ерінбей - Тояды қарның тіленбей
Керемет сөздер
0 дауыс
Негізі адамға екеуі де қажет.
+1 дауыс
Қысқа да нұсқа: 99% еңбек, 1% қабілеттілік қажет.
–1 дауыс
Екеуiде бiр мағына мақсатқа жету деген. Сұрақ қоюды бiмейдi екенсiң.
Сұрақ қандай әдіспен мақсатқа жету туралы ғой. Сіз де сұрақ оқуды үйреніңіз))
0 дауыс
Екеуі бірдей бойыңнан табылғанда ғана мақсатыңа жете аласың!
–1 дауыс
Адамдарды бұлай екі топқа бөліп тастауыңыз ерсі көрінеді екен, адамның басқа қасиеттері де бар ғой
Мен бөліп тастап отырған жоқпын. Бұл психологияда бар нәрсе: hardworking vs smart work деген. Адамның бүкіл қасиетін түгел қамтып талқылау мүмкін бе)))
0 дауыс
Еңбек 60 % , қабілет 30%.
0 дауыс
2-де болуы керек
0 дауыс
Қазіргі уақытта тек қабілетке сүйеніп болмайды. Сол себепті қабілетті жүзеге шығару үшін көп еңбек ету қажет.
0 дауыс
50%-50%=мақсат!P
0 дауыс
Екеуі де қажет-ақ. Өзіме қабілетті адамдардан гөрі еңбекқор адамдар ұнайды. Қабілеттін дұрыс пайдаланатын адамдар аз.
0 дауыс
Қай жолмен болса да еңбектену арқылы жетеді. Негізі қабілетсіз адам болады деп ойламаймын. Тек соны таба алмайтындар болады. Қандай қабілеті бар екенін байқау үшін еңбектену керек.
...