+1 дауыс
16.9k көрілді
Менин алга койган максатым бизнесмен болу. Бизнесмен болу ушин кандай панди жаксы оку керек. Бизнесмен болганнын киыншылыктары мен жаксы жактары
Нақты білмеймін.Бірақ Роберт Киосакидің Богатый папа (Квадрант денежного потока)деген кітабын оқып көр.Кейбір түсінбетін жерлері көп,бірақ адамға тигізетін пайдасы көп.Менің сестрам бір жұмысқа тұрғанда осы кітапты оқы депті.Менде оқып көргенмін кішкене.Қызықты әрі пайдалы кітап.Дегенмен кітапқа жетері жоқ қой.

6 жауап

+2 дауыс
Жеке бір кәсіпкер болу үшін сенде басқарушылық қабілет,сөз саптауын дұрыс,алға қойған мақсатқа талмай ұмтылушылық және ойлау қабілеті жағынан сосын есеп жағынан яғни үнемдеу жағынан мықты болуың керек.

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары туралы:

  адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу проблемаларын шешеді;

  қымбат емес әрі тез арада тіркеуге болады;

 мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды;

   тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.

Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:

    алғашқы капитал жинау қиындығы;

    кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді:
0 дауыс

Сілтеме.

Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:
1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.

Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.

Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

1) белгіленген формадағы өтініш;

2) 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.

Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:
Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
I, II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .

3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін);

4) фотосурет (3,5 х 4,5);

5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат).

Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде «жеке кәсіпкер» куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:
мөр дайындау;
банктен шот ашу;
кассалық аппаратты тіркеу.

+3 дауыс
Әрине ақша жүрген жерде сөзсіз математика, экономика, география пәнін жетiк меңгеру керек.
0 дауыс
Мейлінше барлық пәнді оқып жан-жақты болғаны дұрыс.Егер ірі кәсіппен айналысамын деп шешсеңіз орыс тілін де жақсы меңгерген  жөн.Себебі ұлтымыз қазақ болғанмен,ірі келіссөздер орысша жасалады.Математика қажет екен деп алгебраны көп оқудың қажетіі жоқ,себебі ондағы есептер сіздің жұмысыңда кездеспейді.Кәсіпкердің есептейтіні мүлде бөлек,оны үлкен оқу орындарында үйренесің.Экономиканы көбірек оқу керек,себебі ондағы ақпараттарды кәсіпкер адам жақсы меңгеру қажет,әйтпесе кейін шығынға ұшырайсың
0 дауыс
кәсіпкер болу үшін жан-жакты болу керек. Атамыз айтқандай қара қытай басатын басатын заманға жақындап келеміз... сендей ақылды, болашағын ойлайтын жастар коп болсын...
0 дауыс
Географияға жақын бол. Бірақ ешқандай пән таңдамайсың.
...