+3 дауыс
125k көрілді
Бақыт деген не? Қалай түсінесіз?

7 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап
Бақыт деген - мен үшін жақын адамдарым мен олардың дендерінің саулығы. Отбасындағы жылулық, берек, денсаулық. Қайсыбірін айтайын, бақыттың да түр түрі бар: отбасы бақыты, ана болу бақыты, денсаулық бақыты, мына жарық дүниеге келуіміздің өзі бақыт қой.... *Қайтер едік өмірге келмегенде......*
Шүкір...
мен оте
цениттаймын
+5 дауыс
Менің ойымша бақыт ол адамның өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасып, қандай жағдайда болмасын өзін қуанышта сезініп жүрген адамның көңіл-күйі. Өйткені бақыт байлыққа, мансапқа, лауазымға, денсаулыққа қарамайды. Адам бақытты боламын десе,ол қолында, тек соған қарай жүруі тиіс.
+3 дауыс
https://surak.baribar.kz/27949/ осында біраз жазылыпты...
Бақыт деген не өзі?

*Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты....
Мұқағали Мақатаев*
+3 дауыс
Мұқағали Мақатаев  -  Бақыт туралы ой.
<object width="640" height="60"><param name="movie" value="http://v.kiwi.kz/a/0t156pf2j4s5/"></param><param name="allowFullScreen" value="true"></param><param name="allowScriptAccess" value="always"></param><embed src="http://v.kiwi.kz/a/0t156pf2j4s5/" type="application/x-shockwave-flash" width="640" height="60" allowFullScreen="true" allowScriptAccess="always"></embed></object>
+2 дауыс
Елдің ойын білдіңіз. Ал Сіз үшін БАҚЫТ деген не ?
+2 дауыс
Бақыт!
Ол не?
Қонғаны ма мансап бақ?
Байлық па, әлде машина ма, ақша ма?
Көп қырғында қалу ма, әлде жан сақтап?
Расында да, бақыт деген не нәрсе?
Әрбір адам өмір сүруге талпынғаннан бастапбақытты болуға ұмтылады. Бірақ сол бақыттың бағасын білмей, кейде қолымызға қонған бақ құсымызды ұшырып алатынымыз тағы бар.
Адамдар арасында бақыттың алар орны әртүрлі, әрине, ол әрбір адамның бақыт туралы түсінігіне байланысты.
Ал, менің бақыт туралы түсінігім ше? әлемнің қай түпкірінде болмасын, ел бақыты, ер бақыты, бала бақыты, ана бақыты ұғымдары бар. Міне, осы ұғымдар нағыз бақытты құраушылар дер едім.
Ел бақыты дегеніміз ұлтын сүйер, халқын демер, Отанын құрметтеп, ата-анасын ардақтап, елдің тірегі, халықтың жүрегі бола білетін, болашақтың діңгегін қолдарына ұстайтын патриот ұл--қыздары.
Ер бақыты дегеніміз қиналғанда қол ұшын берер қаумалаған қалың елі, достары келгенде де, дұшпаны келгенде де ер атын ез атына айналдырмай сыйлай білетін адал жары, әке атын ертеңге адалдықпен, кәусарлықпен жеткізетін ұл-қыздары.
Бала бақыты дегеніміз көз жасын төкпей, қайғы көрмей, жетімдіктің, жоқтықтың зарын тартпай өткізетін балғын балалық шағы, жел жағынан пана, жаңбыр жаусы таса, өмір-өзен қыспағында қалса, араша бола білетін асқар таудай әкесі мен мөлдір бұлақтай аяулы анасы.
Ана бақыты дегеніміз тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібіткен, жүрек жылуы, көз қуанышы, бауыр еті баласы, кейде досы, кейде жанашыры кей-кейде арқа сүйер панасы бола білетін сүйген ері.
Міне, осы төрт ұғым тек қана ұғым болып қалмай, шынайылықпен жүзеге асса, онда бақыт шырағданы мәңгі өшпес өмір шырағданына айналар еді. Өмір көгінде нағыз бақыт қанат жайып, әлемді өз нұрына бөлер еді. Менің ойымша, бақыт деген осы. Бақыт жайлы ойымды Күләш Ахметованың мына бір тамаша өлең жолдарымен аяқтайын:

Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналаның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып тұрғанда атып таңым.

Күні-түні шүкір деп шаттанамын
Сәбидеймін, көңілім аппақ әлі!
Көзім – шырақ, санам – сау, ғалам – ғажап,
Бұдан артық бола ма бақ бағалы?
+1 дауыс
[Сұхбаттар][1]

Мұқағали Мақатаев
             Бақыт деген
 «Мұғалима бізге бақыт туралы
шығарма жаздырды. Бақыт деген
не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт  іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!


  [1]: http://suhbat.kazakhsoft.com/Read.aspx?TID=2110&Ln=kz

Ұқсас сұрақтар

...