0 дауыс
2.5k көрілді
Әке болу - қаншалықты қуаныш, бақыт деп есептейсіңдер? менің шаңырақ құрғаныма 5 жылға кетіп барады бірақ, ұрпақ сүю менің арманым еді! бала өссе әке тынығар-демекші қазағымыз!

6 жауап

+2 дауыс
Әке болу-керемет бақыт,өзіңнің қаныңнан сінген бала-ол сенің жұбанышың,асыл перзентің!Иншалла сіз де әке болу бақытын сезінерсіз деп үміттенемін!
+1 дауыс
Әке болу - менің ең үлкен арманым. Ағамның қыздары немесе балдары "көке" деп мойыныма асылғанда, тезірек әке болғым келеді де тұрады. Өзім дене тәрбиесі мұғалімі боламын. Кейде оқушылар арасынан да, біреуін қызым, біреуін ұлым, ал біреуін қарындасым қылып аламын. Оларда соны түсінеді. Мені кейде әкесі, кейде ағасы секілді көреді. Тіпті мектепке барғанда, өз үйіме келгендей болып сезініп жүрмін. Балаңыз болса, бар білгеніңізді төгесіз. Ненің жаман, ненің жақсы екенін айтып отырасыз. Барынша жақсы тәрбие беруге тырысасыз. Кейде еркелетіп аламыз. ИншАллах осы бақытқа сізде, менде, басқада осылай армандаған болашақ әкелерде жетсе екен. Үмітіңізді сөндірмеңіз. Алла үмітті, шыдамды пенделерді жақсы көреді деуші еді.
0 дауыс
Ол сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын
Сен әке атанғасың ба. Әлде...?
0 дауыс
Әке болу деген - өміріңдегі ең керемет сәт, ол баланы тәрбиелейсің, сөзбен айтып жеткізе алмайсың.
сен әке атанғасың ба? Әлде...?
0 дауыс
Ештеңе жоқ. 10 жылдан соң балалы болып жатқандар барғой. Өз басым әке болу өте керемет сезім және бақыт деп білемін. Сүйген қызыммен бақытты, бірге баламызды өсіргім келеді. Бәріңізге де соны тілеймін.
0 дауыс
Өткенде ғаламтордан көріп қалып едім мына өлеңді. Сіздің ойыңызбен үндесетін сияқты. Оқып көріңіз)

Бала болғым келмейді, дым білмейтін.
Дым білмейтін, ісі жоқ бүлдірмейтін.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Отбасымды асырап жүрмін дейтін.

Студент болғым келмейді, жүгіретін.
Жүгіретін, көмек сұрап жүгінетін.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Балаларын ойнатып, күлдіретін.

Жігіт болғым келмейді, уақыты көп.
Уақыты көп, шынайы бақыты жоқ.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Жан-жарына шашылар сарқыты көп.

Бойдақ болғым келмейді, дараланған.
Дараланған,жүрегі жараланған.
Әке болғым келеді, Әке болғым,
Отбасына отынын ала барған.

(с) Әлібек Амандық
...