0 дауыс
11.2k көрілді
Тұйық мінезді өзгертуге бола ма?

4 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
*Тұйық болу - адамға туа бітті қасиет емес. Одан арылуға болады, әрине. Ол үшін алдымен өз-өзіңізді дайындаңыз, айнаға қарап өзіңізбен сөйлесіңіз. Арылуға тырыссаңыз, қолыңыздан келеді. Тұйық болу өз ортаңызда ойыңызды ашық айтып, пікір білдіруіңізге кедергісін келтіруі мүмкін, мүмкін емес келтіреді. Өз ортаңызда өз ойыңызды қысылмай ашық айтып, белсенді болған жақсы. Көңілді орталарға жиі барыңыз, адамдармен сөйлесіп, ойыңызды ашық айтудан қысылмаңыз, бірте-бірте сіңісіп кетесіз....*
Болғанда қандай! Абайдың өзі айтқан ғой: Мінезді өгертуге болмайды деген адамның тілін кесу керек деп! Сондықтан өзгермейтін ешкім де, ештеңе де жоқ. Адам өсе келе ортасына, қарым-қатынас жасайтын бейіміне қарай өзгеріп тұрады. Мінездің өмір ағынына бейімделуі де қалыпты жағдай, өзгере алатын адамдар заманға ілесе алатын адам болып шығады. Сондықтан тұйық мінезді жан ашық-жарқын ортаға түскенде соларға ілесе отырып, өзгере бастайды.
+2 дауыс
Тұйық деген адамның өзі жақсы түсінісетін ортада, өзін жақсы танитын адамдардың ортасында ақжарқын кейіпте болады. Тұйық мінезді- адамдармен жиі араласу арқылы өзгертуге болатын шығар, бірақ табиғи қалыпта қалған да жөн сияқты. Өйткені, тұйық деген сөзді біз көп жағдайда танымайтын адамдармен тез тіл табысып кете алмайтын жағдайда қолданамыз. Бірақ өмірде көптеген оқиғалар болады, танитын адамдардың аумағы да өзгереді, сонда тұйық мінез де өздігінен жойылатын секілді.
+2 дауыс
Тұйық мінез ол адам өмірінде, өзінің қоршаған ортамына байланысты пайда болған мінез. Мынандай керемет орысша сөз бар: «Сеешь мысль, пожинаешь действие. Пожиная действие, сеешь привычку. Посеяв привычку, пожинаешь характер. Посеяв характер, пожинаешь судьбу» (У. Теккерей).
Сондыктан да тұйық мінезді өзгертуге болады, бастысы ниеті пайда болып, осыған сай әрекет жасаса болды.
0 дауыс
Темпераментке байланысты. Темперамент өзгермейді
...