+1 дауыс
12.4k көрілді
Мінез туа қалыптаса ма, әлде жүре қалыптаса ма? Мінезді өзгертуге бола ма?

8 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Мінез туа да қалыптасады, жүре де қалыптасады; оны кейін келе өзгертуге де болады...

Былай қарап отырсаңыз,  эволюциялы жолыменен салыстыруға болады
Мүлде басқа пікір. Бір шетінен солай болуы да мүмкін... Сіз қалай дәлелдей алатын едіңіз, мінездің туа да, жүре де қалыптаса алатындығын? Ал, мінезді шыныменде  өзгертуге болады меніңше де.
былай ғой  Егер мінезді бұлшық етпен теңеп көрсекші; адамға туабіткенде табиғат ана бастапқыда белгілі көлемде бұлшық ет береді емес пе Содан, егер адам кейінгі өмірінде қалай қимыл атқарса, сондай қарқынмен қаратай бұлшық ет характеристикасы дами түседі... Айырмашылығы жоқ, ол спорстмен бе әл де ақ жейделі жұмысшы ма Тура солай мінез де өзгеретіні секілді Содан кейін жануарлырды эволюциясымен салыстыруға да болады, бірақ өте жылдам қарқынмен
))))))))))) Салыстырмалық теориясын жақсы меңгерген екенсіз! )))))))))) Пікірлердің сан алуандылығына қарағанда бұл өзі бір күрделілеу дүние болғаны...
Өмірде бәрі салыстырмалы ))))))
менін ойымша мінез туа қалыптаспайтын секілді мысал келтіріп берсем мен кіттай кезімде мінезім тұйық болған ал қазір болса керісін ше мінез есейген сайын ауысып отырады
+6 дауыс

Менің ойымша, адам мінезі туған кезде-ақ қалыптасып қояды, ата-ананың кейбір мінездері айна-қатесіз берілуі де әбден мүмкін. Сонан соң араласу ортасына байланысты адам мінезі жетіле түседі. Ешкіммен араласпаған жағдайда адамның тұйықталып қалуы, иә болмаса араласатын адамдары көп болған жағдайда мінезі ашық болып та қалыптасады. Қазакемде "Етпен сіңген мінез сүйекпен кетеді" деген сөз бар емес пе?! Қорыта айтқанда, сіз көрсеткен екі фактордың екеуі арқылы да адам баласының мінезі айшықталады деп ойлаймын) Бәлкім өзгеруге болатын шығар, жас шақта, бала шақта , бірақ неғұрлым есейген сайын мінезді өзгерту қиынға түсетін шығар!

Сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін, Тоғжан ханым! Шыныменде адам мінезі туа қалыптасып, есейе келе жетілетін секілді!
+5 дауыс
жоқ, менің ойымша жүре қалыптасады, яғни қасындағы адамдарға, ортасына байланысты өзгеріп тұрады, оған мен өзім мысал, бұрынғы мірезіммен қазіргі мінезімді тіпті салыстыруға да келмейді , адам өзгеруі өз қолында, қатты тарыссан 1 күннің ішінде ақ басқа адам болып шығуға болады, өзгеру оңай, ал сол қалыпта қалу қиынырақ ғой... қорыта айтарым уақыт өте барлығы өзгереді, соның ішінде мінез де. ал ата-анасындағы мінез ол сол кісілерден тәрбие корген сон ұқсас жерлері болуы мүмкін, енді күнде көріп жүрген адамдары сол ғой))
Ия, таяқтың екі ұшы болатын сияқты кез келген дүниенің де екі жақ қыры болады... Мінез бәзбіреулер үшін туа пайда болады деп есептелінсе, кейбіреулер үшін жүре пайда болады деп есептелінеді.
иа, алайда сіздің ойыңызша да туа пайда болады деп есептедіңіз ғой... жақсы жауапты белгілегеніңізге қарағанда)
Сіз айыпқа бұйырмаңыз, мен солай деп есептеймін. Негізі, екі пікірге де қосыламын. Алайда, адам мінезі туа пайда болады дегенді қолдаймын .
)) айыпқа бұйрған бұйырмаған болғанда енді ешкімнің ойың өзгерте алмаймын ғой, менде ол пікірмен сәл келісемін)) сонда сіздіңше адам өзгере алады ма? яғни мінезің өзгерте алады ма? сіз бір-екі жылдан кейін барып кездескен достарыңыздың ішінде мінезі өзгергендерді байқамадыңыз ба?))
Мінез негізі өзгереді екен? Кеше ғана мектепті бітіріп қалай қала өміріне бейімделдік, солай көптеген достарымыздың мінездері өзгере бастады. Бұрын қой аузынан шөп алмас жуас деген жан, бүгін сіз ойламағандай нәрселер айтып, өзін басқаша қырынан көрсетіп  тұрса, таң қалмайтын болдық қой... Немесе керісінше...
міне, мінез туа пайда болмайды, жүре пайда болады деген сөз)) өз ойымнан қайтпадым ау иа, жалықтырып жіберсем кешіріңіз)))
Екі жақтан да қарауға болады..
+6 дауыс
Әрине мінез туа қалыптасады,ал туа қалыптасқан мінезді ,ешқашан өзгерте алмайсың.Мысалы: Сіз жамааан қырсық,көкбет болдыңыз делік,ал мен сіздің туа қалыптасқан мінезіңізді өмір бақи өзгерте алмаймын.

ПиСи:Бұл менің пікірім!
Түсінікті. Сіз солай деп есептейді екенсіз дұрыс қой, алайда кейбір адамдардың  әртүрлі жағдайларға байланысты мүлде басқа аранаға қарай бе бұрып, өмірлік көзқарастарын, ұстанымын, мінезін өзгертіп жататындығын көзіміз көріп жүр...
+2 дауыс
Адамның мінезі жүре қалыптасады ғой. Адам туылған кезде ештеңе білмейтін пәк күйіндегі сәби болады. Ол тек көрген білгендерін ғана есінде сақтап, үйреніп үлкейіп өседі. Оған берілген тәрбие ғана ол баланың мінезін қалыптастырады. Егер балаға жаман пример беріп өсірген болса ол бала үлкейіп өсіп кеткеннен кейін жаман күйінде қалып қояды. Тәрбиесі қалыптасып кеткеннен кейін өзгерту қиын оны. Бірақ өзгертуге болады. Мысалы егер біреуді қатты ұнатып, сол үшін өзгергісі келсе онда толықтай өзгеріп кете алады.
Бұл сұрақтың күрделі болуы ғой, осындай дискуссияны туғызып жатқан...

Жалпы, шыны керек, ғалымдардың өзі нақты бір тоқтамға келе алмай отыр осы тұрғыдан. Бір шетінен, шыныменде өмірге жаңадан келген жас сәби - ол періште, өсе келе мінезі қоршаған ортасына қарай қалыптаса бастауы да мүмкін...
+4 дауыс
Мінез туа қалыптасады, жүре қалыптасатыны да бар, бірақ жасандылау болып келеді. Мінезді өзгертуге болады.
Жалпы сіздің түсініңізше, негізі мінез туа қалыптасады, ал жүре қалыптасатындығы қоғамдағы әр түрлі жағдайларға байланысты жасындылау болып дегіңіз келеді, солай ма?
0 дауыс
Мінез туа да, жүре де қалыптасады, неге десеңіз, бізге ата-анамыз дарытқан мінезіміз - ол фундамент, фундаментіміз мықты, тұрақты болса  адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, сонымен қатар, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады бұл жүре пайда болған мінез. Мен екі жақты да мойындаймын, бұл адамның мінезін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны іс жүзінде жеткізу керек.
Мінезді өзгертуге бола ма? - ия, болады, бірақ мінезің өзгергенмен, бүкіл өміріңді өзгерте алмайсың...
–1 дауыс
Әрине егер өзініз өзгергініз келсе

Ұқсас сұрақтар

...