+9 дауыс
15.4k көрілді
Егер адам өз мінезін түзеуді қолға алар болса, бұл қаншалықты нәтижелі болмақ?

18 жауап

+14 дауыс
 
Жақсы жауап
"Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреу ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, бұлар - тәннің құмары; екіншісі - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен, бұлар - жан құмары". т.б. (Абай, 7-қарасөз)
+13 дауыс
меніңше де өзгермейді)
+10 дауыс
Адамның мінезін өзгертуге болады, қайсысы ол болмайды деп жүрген?? Маған айтыңдаршы, тілін кесіп алайын айтқан адамның!
Байқап көріңіз))))))Мен айтқан. Қалай өзгертетініңізді айтсаңыз
Сөз сөйлеу мәнеріңе қарағанда сенің қолыңнан келе қоймас,ата-анаңның да қолынан келмеген сияқты.
ол оның сөзі емес кезинде Абай атамыз солай айткан
Белгісіз
+14 дауыс
Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім" (Абай, 37-қарасөз)
о_О осыны есіме түсіре алмай отыр ем)) рахмет Арманай!!!
+13 дауыс

Мінезсіздердің қатарында мен де болғанмын. Исламға бет бұрғалы сабырды да, сыпайылықты да үйрендім. Шүкір.

+13 дауыс
Адам нәресте болып туғанда қорқыныш деген сезімнің болмайтындығы секілді,  туа біткен мінез дегенде болмайды. Оның барлығы жетілу кезінде пайда болатын құбылыстардың қорытындысы. Яғни, адамның кішкентай кезіңде тәрбие нәтижесінен бойында тұнып,  қалыптасатын  әрекет-мінез деп аталады. Сондықтан мінезіңді өзгертемін десең, өзіңді басқар, ALISHA.
+13 дауыс
Шын ниетпен кіріскен адам көздегеніне жетеді. «Мінез өзгермейді деген адамның тілін кесіп алар едім» дегенді Абай атамыз айтыпты.

Мінез тез өзгермейді. Оған адамдар ортасы әсер етеді.
+11 дауыс
Адамның туа бітті мінезін өзгертуге болат. Асресе Ер адамдардікін өзгертуге болады екен. Ал айел адамдардікін озгерту қйындау екен.

Неге әйел адамдардың мінезін өзгерту қиын???

+10 дауыс
Оу, адамдар! Қайдағы туа біткен мінез? Адам туылғанда мінез тұрмақ ақыл-ес те болмайтынын ұмытпаңыздар. Мінез қалыптасады. Туабітетін ауру болса да, мінез болмайды.
мінездің де тұқымқуалау сипатына ие екенін ескерсек... сонда туа бітті мінез емей немене ол? Жалпы туа бітті мінез болмаса, мұндай тіркес қайдан шыққан? Мазмұнсыз пішін, пішінсіз мазмұн болмайды!
Абай болса, Абай, бырақ Құдай емес. Құдай ғана қателеспейді.
+11 дауыс
Әрине өзгертуге болады. Бәрі адамның өз қолында емеспе? мысалға Қожа ))) көрген болсаңыздан өзі айнаның алдында отырып алып қалай өзгертеді ))). Нәтижесінде өзгереді гой .
+11 дауыс

Атам қазақ "етпен сіңген мінез-сүйекпен кетеді"- деп айтқан ғой...Бірақ, адам шын мәнінде қаласа өзгерте алады деп ойлаймын. Өзіңізге талап қоя білсеңіз, көп ұзамай нәтижесін де көріп қаларсыз)

+9 дауыс
Болады әрине. Адам өзіне бір маңызды нәрсе тапса, сол өзіне маңызды нәрсе үшін мінезін өзгерту керек болса өзгерте салады.
+6 дауыс
Пайгампарымыздын (с.ъ.у) хадистер кiтабынан окыганым есiмде "сутпен кiрген мiнез, суйекпен шыгад" дегенди... Бимим ал
Дұрыс айтасың!
+5 дауыс
адам мінезін озгертуге болады! маган улкен устаздар осылай деген и озімде оган сенемін! мен шыдамсызбын!но казір сал сабырлы бола бастадым! ол адам озіне байланысты!
0 дауыс
Абай атамыз айтады екен адамның мінезі өзгермейді деген адамның тілін кесер едім деп. Айтпағым бәрі өзіннің қолында! Талай адамды көргесін айтып отырмын. Өмір тосын сыйларға толы, кейде ең мейірімді, адал, жан дос деп жүргенін иттік жасап ал кейде керісінше болып жатады :)
...