+1 дауыс
7.3k көрілді
Сіздерге сұрағым бар: Тұйық мінезден қалай арылуға болады. Өзгелерді қалай жақыныңдай көруге болды?

1 жауап

0 дауыс
Тұйық мінезден біржола арылу мүмкін емес. Бірақ салыстырмалы түрде аздап "ашылуға" болады. "Адамның мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кесер едім"-деп Абай айтпақшы, адамның туа біткен болмысымен қоса, ортасына қарай өзгеріп отыратын жасанды болмысы болатынын психология да мойындайды. Ортаңызға бейімделуге тырысқан жақсы, алайда өзіңіз қаламаған жағдайда "күштеп" ашылу тіпті де көп стресс әкелуі мүмкін. Әуелі өзіңіз жақын тартатын адамдармен көбірек бірге уақыт өткізуге тырысыңыз. Олардың алдында қысылмай, ішкі ойыңызды айтуға дағдыланыңыз. Одан кейін жаңа кездесулерге позитивті тұрғыдан қараңыз. Басқалардың өзіңіз қалағандай болуын талап етпей, кездескен адамдардың бойынан жақсы қасиеттерді табуға тырысыңыз. Өзіңізге үйлеспейді, әңгімем жараспайды деп ойлаған адамдардан қашқақтамай, әуелі бірнеше мәрте әңгімелесіп көріңіз. Сөз соңында "Yesman" фильмін көруді ұсынамын. Фильмдегі кейіпкердің істегенін бір ай қайталап көрсеңіз көмегі тиер деп ойлармын)
...