Заңды тұлғаны уақытылы тіркемегені үшін әкімшілік жауаптылық бар ма?

0 дауыс
512 қаралым
Атауының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаны қайта тіркеу қандай мерзімде жүргізілуге тиіс? Заңды тұлғаны уақытылы тіркемегені үшін әкімшілік жауаптылық бар ма?
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Н 155 Кодексінің 357-4-б. 1-т. сәйкес заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті қайта тіркемей, қызметті жүзеге асыру, - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. ҚР Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес шаруашылық серіктестіктерінде қатысушылар құрамының өзгеруі заңды тұлғаны қайта тіркеуді көздейді. Бұл ретте «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Н 2198 Заңының 18-бабына сәйкес Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қайта тіркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметтер бір ай мерзімде берілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
127,749 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы