+2 дауыс
522 көрілді
Адамдар неге 3-4 жасқа дейінгі өмірін ұмытып қалады? Ол кезде балалар айтқан сөзіңді түсінеді, күледі, ойнайды, шүлдірлеп сөйлейді. Бірақ есейгенде неге сол кездер есімізде қалмайды? Мысалы менің өмірім 4 жастағы туылған күнімнен бастап есімде. Сіздерде қалай?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ғалымдардың айтуы бойынша кішкентайлардың ми жасушалары, жұйке жасушалары тез бөлінеді. Яғни тұрақты емес. 4-5 жасқа келгенде аз болсада тұрақтана бастайдыда, жадыға жазыла бастайды. Оның өзі тұрақты болмағандықтан еоекше оқиғалар ғана еміс-еміс есте қалады. Ересек адамдардың жүйке жасушасы қалыпты болғандықтан олардың есте сақтау қабілеті жақсы балалардікінен қарағанда.
+2 дауыс
Менің 1-2 жасымнан бастап кейбір оқиғалар, үйіміз, көшелер, көршілер т.б. еміс-еміс есімде..

Есте қалу үшін ерекше нәрсе болуы керек екен.. Қарапайым күндер онша есте қала бермейді..
+1 дауыс
Менің 3 жасымда болған оқиғалар есімде, сорпаға аяғымды күйдіріп алғаным, больницаа көтеріп жаяу апарғандары есімде. тура 3 жасқа толғанымда суретке түсіруге алып барғаны, ағатын арсында жалғыз тұрып түсуге қорққаным есімде қалды.. аз аздап біраз нарсе есімде екен менің де.
+1 дауыс
Менің есімде 3 жасымнан бері көшіп жүргеніміз.Ол уақытта Астана астана болмаған кез.Сіңлім дүниеге келді оны перзентханадан алып шықтық.Сол кезде ең алғаш жүн жүн картошканың дәмін татып едім)Балалық шақты қалай ұмытасың.Қаладағы жалғыз қазақ-орыс балабақшаға бардым.Сондағы ең әдемі қыз мен болатынмын ау дим,орыстың балаларының өзі сыйлық жасап отыратын.Әттең сол балабақшада барлығымыз түскен суретті үйді-үйге көшіп жүріп жоғалтып алдық.Қазір сол балалардың түрін көргім келеді, мүмкін жанымда жүрген болар...
...