+3 дауыс
5.7k көрілді
Әжем базарға барарда алатын азық-түліктерді параққа маған жаздыртып алатын. Ой әже ай деп күлетін едім. Соңғы кездері мен де кейбір нәрселерді ұмытып қалып жүрмін. Мысалы агенттегі паролімді есіме түсіре алмай кешелі бері , басым ауырып кетті.Осы есте сақтау қабілеті неге жоғалады екен?
Барлық жауаптарыңызға рахмет.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі есте сақтау қабілетінің төмендеуі ДИСЦИРКУЛЯТОРЛЫ ЭНЦЕФАЛОПАТИЯ деген аурудың ,яғни бастағы қан айналымы бұзылысынан болатын аурудың белгісі. Негізгі себептері қартаю,ұзақ уақыт қан қысымы жоғары болуы, бастан алған соққылар және  т.б. жүйке жүйесінің аурулары. Ал сіздегі жағдай айтылған аурулардың ешқайсысына да жатпайды. Сізде мүмкін назарыңызды дұрыс аудармаудың әсері болар.
–4 дауыс
Харамға көп қарағаннан...
+2 дауыс
Неге жоғалатынын білмедім бірақ қалай құтылу керек екені интернеттте бар екен)

http://zhanaoi.kz/blog/163

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/239
+2 дауыс
Көңілің мен назарың бір нәрселерге ауса, көп сөйлей берсең, бірнәрселерді уайымдасаң, қорықсаң, қатты ғашық болсаң )) т.б ұмытшақтық пайда бола бастайды деп ойлаймын. Дұрысы: Адам ой өрісін тепе теңдікте ұстаса бәрі ойдағыдай болады, мен ұмытшақпын десең ұмытшақ бола бересің, мен ұмытшақ емеспін деп өзіңе сенсең ұмытпайсың... менің ойым
+2 дауыс
Менин билетиним адам аз кимылдаса(спортпен шугылданбаса), компьютер алдында коп отырса, сотканы бас жакка алып жатса есте сактау кабилети нашарлайды.  казирги кездеги есте сактау кабилетин нашарлататын негизги 3 себеп осылар
+2 дауыс
Адам қимылдамаса, бұлшық еттері семе бастайды. Сол сияқты, мидың есте сақтау қабілетін де шынықтырып отыру керек. Ол үшін сканвордттар шығар, интернеттен қызықты мәліметтер қара, теледидардан ғылыми-көпшілік бағдарламалар көр, кітаптар оқы. Жақсы тағамдар же, әсіресе балық пен жаңғақтар (грек жаңғағы, кешью, арахис, фисташки сияқты).
...