0 дауыс
Егер цитомегалавирус инфекциясы болатын болса белгілері қандай,және жүктілік кезінде балаға өте қауіпті ма? сондай инфекциямен босанып жатқан әйелдер барма? Босаған соң бала аурушан болама?
29.05.2015 819 қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Босануға болады. Бірақ инфекция анасынан баласына берілсе түсік тастау немесе баланың іште қайтыс болуы мүмкін. Ал бала тірі қалған жағдайда немесе инфекцияны жүктіліктің соңғы кезеңінде жұқтырған жағдайда бала дүниеге келе салысымен әр түрлі ауру белгілері байқалады: мидың жетілмеуі, гепатит, бауырдың үлкеюі, пневмония, бет әлпетінің өзгеруі, психикалық ауытқушылық, бұлшық ет қалыпсыздығы, мылқаулық, т.б. Сондықтан жүктілік мерзімінде дәрігерге жиі тексерілген дұрыс. Егер инфекция пайда болған кезде бірден емделсе, баланың денсаулығында еш ақау болмайды екен. Ең дұрысы маман дәрігердің кеңесіне жүгіну.

30.05.2015

Ұқсас сұрақтар

127,965Сұрақ
322,909Жауап
153,169Пікір
73,035Қолданушы