Ақан серінің«Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Балқадиша», «Сырымбет», «Торыны талға байлап мінген қандай?», «Үш тоты»өлеңдерімахаббат, сүйіспеншіліктақырыбына арналған. Ақан «Қалқа бала»өлеңінЖамал қызғаарнаған.Жамал қыз ұзатылып жатқандаоған арнап шығарған соңғы әні –«Сырымбет».
Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығынан ерекше орын алатын тақырып –Құлагергеарнаған ән-өлеңі. Бәйгеге қосылғанүш жүз жиырмааттан оқ бойы алда келе жатқан Құлагер зорлықшыл топтың қызғанышынан мерт болғанда шығарған«Құлагер»өлеңі Ақанның жан күйзелісін, трагедиясын көрсететін психологиялықшығарма.
Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің.
Атығай-Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім, –
деп, Құлагерін жоқтай зарланған ән Ақантрагедиясының шырқау шыңыболып табылады. Сүйікті тұлпарынан айырылған Ақан тау мен тасты мекен етіп,«Құлагер», «Қараторғай», «Көкжендет»әндерін шырқап, елден жырақ өмір сүрген.
Ақан сері«Заманға қарап айтқан сөз», «Жақсы мен жаман»,«Асыл мен жасық»өлеңдеріндедостықпенқастықты,ерлікпенездікті, жақсылықпенжамандықтысалыстыра жырлаған.Дидактикалық сарындағы «Жақсы мен жаман»өлеңінде:
Білінер жер жақсысы қыс келгенде,
Көрінер көлдің көркі құс келгенде,
Кімнің алыс-жақыны сонда ашылар,
Басыңа қиын-қыстау іс келгенде,
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі аларлық сөз қалмайды, –
депжақсылықпенжамандықтысаралап ашып берген. Ақан Қорамсаұлы«Заман адамы»өлеңінде:
Білмейміз «Өнер алды – тіл екенін»,
Пасықтықтың белгілі кір екенін.
Әр уақыттың өз ғылымын білу керек,
Бәрінен ғапыл болып қалған жаман,–
деп,еріншектікпенжалқаулыққазақ халқыныңартта қалуының басты себебіекенін анық ашып көрсеткен.«Айтамын замандасқа біраз кеңес...»өлеңінде жігіттіңон үш түріне сипаттамаберген.
Ақан сері Қорамсаұлы«Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Қыз сипаты», «Достарыма», «Әйелдер сипаты», «Жігіттерге», «Жігіт сипаты»өлеңдеріндеадам бойындағы, мінезіндегі кемшіліктер, мәдениеттілік, жүріс-тұрысындағы олқылықтартуралы жырлап, адам баласынжамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеген.
Қазақ әдебиетінде Ақан тағдырына арнапІлияс Жансүгіров «Құлагер», Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты», Сәкен Жүнісов «Ақан сері»шығармаларын жазған.
Ақан сері туралы замандасыМәшһүр Жүсіп Көпеев:«Ақан сері жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді...», – деген баға берген.
Ақан сері Қорамсаұлының:«Заман адамы», «Жүсіп төреге», «Заманға қарап айтқан сөз», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Торыны таң асырып мінген қандай?», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа», «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Ақ көйлек», «Әудемжер», «Қыз сипаты», «Адамның біліміне ақыл серік», «Жігіттерге», «Жігіт сипаты», «Достарыма»деген ән-өлеңдері бар.