0 дауыс
7.3k көрілді
Ақан сері Қорамсаұлы, атақты аты Құлагерден қашан айырылды?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

«Құлагер»

Жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған құшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді.

Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнапа бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – «Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.

Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.

0 дауыс
Ақан сері 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады.
0 дауыс
Батыраш пен Қотыраштарда қазір де көбейіп кеткен.Олар адамдардың тұлпарын емес өзінтаяқтан шалып жүр.
...