0 дауыс
49.5k көрілді
Достар маған Ақан сері немесе Біржан сал туралы шығарма жоспарымен керек еді, 4-5 беттен жоғары.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) — қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең — жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс — тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.

Ақын — кең байтақ жерін, қасиетті ел жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалына күйіп, танымсыз өмір кешкен, өршіл де ілгерішіл поэзияның шебері. Қоғам, адам өміріне өзіндік көз қарасы бар, таным-талғамы биік, көңілді, пасофты лирикалық қалдырған айтулы ақын.

Ақының туған жері — қазақтың кең жазиралы, ата мекен, ту тігіп, орда салған орталық орны, жасыл желек жамылған қалың нулы, көл-көсер өзен-сулы табиғаты бар, тамаша өлке, көк жасыл, қалың қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Ақын — осы бір әсем табиғат құшағында еркелей өскен ел серісі. Болашақ пен Көкшетау өңірінде, Қос көлдің жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып өскен. Ол 1843 жылы күздің жомарт айы — қыркүйекте дүниеге келді.

Шілдеханаға жиылғандар оған Ақжігіт деп ат қойған-ды. Сол Ақжігіт ата нәсілінен рухтанып, кейін өзін қоршаған Сырым беттің сұлу сырлы табиғатынан нәр алды, өнерлі өлкенің өрен жүйектерімен тағдырлас, замандас болып, келе жатқан кішкене Ақанды молда жалдап, өз ауылында оқытуға талап қылуы тегін емес-ті. Талапты жасқа оқу, өнері қуу — өмір заңы. Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун қазіреттің медресесіне түседі. Аталмыш медресе мұсылман салтындағы оқу орны болатын. Онда дін сабақтары барынша мол жүруге тиісті. Сөйтсе де, медресе маңы, қала қауымы — қазақ даласынан өзге өмір. Сахараның тіршілігі, салт-санасы өзінше бөлек. Діндар қауымға қоса қалада зиялылыр тобы да ұшырасады. Осы медреседе өткізілген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар бұлағы — Фердауси , Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи т.б. еңбектері. Бұларға қосымша араб, парсы, шағатай тіліндегі көне түркі әдебиетінің жетік білуге тиіс сабақтары — араб, парсы халықтарының тілі, ертегі аңыздары жазба дүниелері:

Ғашықтық майданында шаһит болып,

Бозжігіт Аңуаз үшін қандай болған.

Бұлардың зар тартқаны Ләйлі — Мажнүн

Табысып ақырында отқа жанған.

Зияда — Қорлығайын, Фархат Шырын,

Бұл күнеде хабардармын осылардан.

Ақыры «Қозы Көрпеш — Баяндай» боп,

Жүзімнің қызыл нұры бұ жыл салған…

деп, Ақанның өзі де шәкірт кезінде оқып, таңығандарын жырға қосады. өз халқының тамаша туындылары мен шығыстық лиро-эпостар оның жастық сезімін оятқан, сұлулыққа, ғашықтыққа оны біржола бұрған рухани күш болған сияқты.

Ақан — жастай оқып тәлім талған өнерлі, білімді жас. Өз замандастарының көбінен озық, араб-парсы, шағатай әдебиеттерінен де, сол әдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс, соған қоса, орыс тілін де білген мадениеті жоғары өнерпаз адам.

Ақан 1843 жылы Көкшетаудың күнбатыс жағындағы Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ дүмше молданың балдыр — батпағы сергек ойлы ұғымтал баланың көңілін дауалатпайды. Ақыры Ақан оқуын тастап кетіп қалады. Осыдан былай оның серілік өнері басталады, сонымен бірге өлең және ән шығарумен шұғылданады.
0 дауыс
Біржан сал Қожағұлүлы (1834-1897)

Қазақ әдебитінде,  мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің   жаңғасында   дүниеге   келген.   Біржанның   ескі   ата ңонысы  Обаған  болған.   Біржанның  арғы  атасы  Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ,  Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан  Түрлыбай,   Нүралы,   Ералы   туады.   Біржан Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке   Біржан    «Баласы   Қожағүлдың   Біржан   салмын» деп жар салатын содан.  Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді.  Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен  ән  салуға,  өлең сөз  қиыстыруға  бейімдігін байқатады.   Өлеңге  қүмар  жас   тар  аяда  ңалмай,   ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты  алашқа  оңай  танылып,  кейінгіге ертегідей  жетіп, қазақтың   ерекше   салтдәстүрі   серілік   дәстүрін   шыңға шығарған   жанға   айналады.   Ол   тек   Көкшетау   аймағы ғана емес,  бүкіл  Сарыарқаға  танылып,  кейіндері  қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай,   балуан   Шолақ   секілді   әнші-ақындар   Біржан жолын   жалғастырушы  болып,   соның  жолымен   жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады.  Мәжіліс қүрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
Баласы Қожағүлдың Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сүңңар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дүшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дүшпан сезі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас үрмаймын, -
деп  ақындық  қуатынық зорлығын,  шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен жогары әуенменен айтады.  Осыданақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын  сөзін  өдемі  өрнектеп,   соған  сай  қуатты  әнменен қосады. Яғни, ол ңазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай    
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.
Аты жоқ қүс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш үйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетет деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, үшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең ңағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел үшып барып.
Бүл жырында аңын сағынған сүлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен үшңан қүсңа мүңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол.
Өзіміз айтқандай Біржан Қожағүлдың бауырында, соның қарауында өседі.
Үсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір қүдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Түрлыбайға, -
деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас кезіненақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы,  әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып үғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, салсерілікті де үнатады. Сүлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, ңиырдағыны шалар ңыран ңүс осының бәрі Біржанның бала шаңтагы үнатқан ңүмарлығы болады. Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жүрт аралап жүріп ңазақтың осы  бір  ешкімге үқсамайтын  өнерінен  өзегі  қанып  ішеді. Әдемі ер-тоқым,  әдемі киім,  Сарыарңаны тербеткен ғажап дауыс,  сүлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп, ңандай жағдайда кім болмасын басын бүрып қарайтындай, мынау Біржанау  дейтіндей  дәрежеге  өкеледі.  Аздаған  уақыттың ішінде Біржан жүртқа танылып,  яғни Біржан  әнші,  Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды.  Бізге Біржанның қалай әнші болгандығы жөнінде, ңала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден дөріс алғандығы  беймағүлым.   Демек,   біз  Біржанның  әрбір  әні қалай туғандығына қарап қана оның шығармашылық жолын  байқай  аламыз.  Біржаннын, оқыған  мектебі,  әншілік мектебі, қала берді өскен ортасы, алғашңы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың ішінде, қазақтың ішінде болғандығы   мағлүм.   Демек,   Біржан  сал  Қожағұлүлының алғашқы мектебі қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн ңосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті  кездер,   Біржанның  өнінен  естіледі.   Соның  ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіл,
Аман бола, жолықңанша перизатым, -
деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын   жоғары   көтеріп   әкететін  әдемі  өн  Біржанның алғашқы туьшдыларының бірі деуге болады. Біржанның тағы бір кесек әндерінің бірі «Жаймашуақ».
Көл жағалай бітеді көкше қүрақ,
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жаймашуақ -
деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған кезіндегі, тольщсып, творчестволык, түрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып көрінеді. Бүған қарағанда Біржан әнді көңілкүйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бүл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала үл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем күлімдейді,
Сүр жорга астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз қүбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -
дейтүғын   түстарында   Айтбайдың   әдемілігі,   Айтбайдың сүлулығы айтылады.
Атымның қақ түрады сауырына,
Қос тепкі салып екі бауырына,
Қолынан бір шай ішіп кетейін деп,
Келемін Айтбай сүлу ауылына.
Бүл да сол кездегі Біржанның халінен, Біржанның жағдайынан ауыл аралап, ел аралап ән салып жүрген салсерінің сайран күндерінен,  сол кездегі қазақтың еркін көңілінен, сол шаңтағы қазаң халқының бостандықта жүрген кезі ән салып, әнге елтіп жүрген кезінен бізге дерек беретіндей.
Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі - «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бүл әннің тууы да ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен түстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртңа ңадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай ңүрмет көрсетпейді. Жүрт алаңанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байңап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бүл бір ңарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтңан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.
Ләйлім шыраң,
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,
Қызыл жібек ңырмызы төрт-бес ңадақ, -
деп келеді де:
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, -
дейді. Яғни   шідерді   сен   алдың,   шідерді   Ләйлім   алды, үрлап   алды   және   жай   алмады   үлкен   бір   ғашықтық жүрекпен үрлап алғандай астары бар деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады.
Ләйлім шыраң - асыл тасым,
Көлбай, Жанбай бірге өскен замандасым.
Келген жоқ көктен пері, жерден
0 дауыс

Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың болғаны баршаға аян. Сол ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. Оның «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романы Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді. Сентиментализм жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл — күйін суреттеуге ерекше мән береді. Бұл бағыттағы қаламгерлердің шығармаларында жанұялық тұрмысты, күнделікті тіршіліктің жеке көріністерін баяндауға, ұсақ және орта буржуазия, қолөнершілер өмірін сипаттауға көп орын береді. Әдебиетте психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама секілді жанрлық түрлер көбірек қолданылатын болды. Шығармалардың комппозициялық өрнегін, сюжетін құрғанда да жазушы баяндалатын оқиға-жайларды адамға қаншалықты әсер етіп, қандай сезім туғызатынын алдымен ескереді. Яғни жазушы әр түрлі өзара тікелей байланысы жоқ оқиға-жайларды, егер соларға ерекше мән берген болса, бір-біріне жанастырып, еркін баяндап отырады. Айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, жазушылардың өзінің әр түрлі сезім-әсерін және сондай басқа жанама жайларды қосарлап береді. Орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н.М Карамзин болды. Карамзиннің «Бедная Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат-өзгешеліктерін көреміз. Жазушы өз еңбегімен күнелткен кедей қызды жан ашырлық сезіммен суреттеп оның жан дүниесінің нәзіктігін, тереңдігін бейнелейді. Төменгі таптың өкілі қарапайым адамды былай суреттеудің өз дәуірінде қоғамдық рөлі зор болғаны сөзсіз. Алайда осы шығармадан сентиментализмнің осал тұстарын да көреміз. Карамзиннің төменгі тап өкілдерін суреттегенде олардың ауыр халін, қатты қанау, қыспақ көріп отырғанын дұрыс ашып көрсетпейді. Мұны егер Карамзин шығармаларын сол кездегі патша үкіметінің озбырлығын әшкерелеп көсететін төңкерісшіл жазушы Радищевтің шығармаларымен салыстырсақ анық аңғарамыз. Көркем әдебиеттегі сентиментализм ағымына өз үлесін қосқан қазақ ақын-жазушылары мен сал-серілерінің туындылары нағыз ішкі сезімнен туған шығармалар екенін байқау қиын емес. Солардың ішінде Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы сынды тағы да басқа сал-серілер мен ақын-жыраулардың туындыларын сентиментализм ағымына жатқызуға болады.
Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.

Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана,философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.

Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі-бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған сентиментализмнің озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та әсемән әуендерін қалдырды. Жастық дәуреннің кеудені кернеген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығы, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, әсем әуенмен аспандата әндетті. Көптеген сазды, сәнді лирикалар қалдырды. Мәселен Біржан өлеңді ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар өзара біте қайнасып, бірігіп кеткен туындылар. Ғашықтық лирикаларындағы нәзік сезім дүниелерін ол асқан ақындық шабытпен жүрек тебіренте жырлап берді. Жастар жүрегінің қылын шертіп, іштегі жасырын сырларын ақтара ашады. Махаббат күйігіне душар болғандар характері, олардың эмоциялық сезім-серпіндері қоғамдық-әлеуметтік шындықтарға байланыстырылып, биік идеялы сатыға көтеріледі… Осылайша, лирикалы реалды өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды. Адамгершілік ақылдар ұстанады.

Біржанның ақындық құдіретін жете танытқан оның айтыстары. Әсіресе, Сарамен айтысы. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары айтыстары ішінде бұл айтыстың алатын орны ерекше. Өзінің идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік, образдық сипаттармен де, ол нағыз әдеби шығарма. Осы айтыста Біржан мен Сара қазақ қоғамындағы келеңсіз жайттарды, кереғар пікірлерді сынға алады. Әлеуметтік мәселелерді көтереді. Білімді, дана ақындардың әр сөзінде қазақ өлкелерінің байлығы, тарихи адамдары, қоныс мекендері, әр елге тән әдет-жоралғылары білгірлікпен баяндалады. Қазақтың ескі өміріндегі жағымсыз салттарға құрбан болған арулардың аянышты тағдырына жоқшы болып, оның тамырына балта шабар кездің жақын қалғанын Арқаның дауылпазындай Біржан Алатау алқабына жарлап жыр төкті. Ешкімнен қорықпастан қазақтың үз жүзін жалғыз аралап, махаббат азаттығын, әйел жұртының еркіндігін талап етіп, алты қырдан асыра асқақ ән шырқады. Әйел затының азаттығын көксеп өтті. Адамгершілікке, адал достық, таза махаббатқа үндеді. Аруды есекке қосақтамай, азғынға қор қылмай, теңіне қосып, күңдіктен құтқаруды талап етті. Ақынның бұл ниеттері – оынң талай аруларға арналған жырларынан да, Сара қызбен айтысынан да айқын көрінетін өзекті идеялары, асқақ армандары. Осы арада қазақтың ақыны, композиторы Біржан сал мен орыстың жазушысы Н.М. Карамзиннің шығармаларында біршама ұқсастықтар бар. Жаңағы айтып отырған Біржан салдың көтерген мәселелері, арман-ойлары Карамзин туындыларында да ұшырасып қалады…
Айталық, жазушы «Бедная Лиза» повесінде дворян жігіті мен қарапайым қыздың арасындағы махаббатын суреттейді. Карамзиннің ойынша барлық адамдар бірдей сезінуі тиіс. Кедей шаруалармен қатар жер иеленуші помещиктер де махаббаттың қайғысын ұғып, қуанышын білуі қажет. «Бедная Лиза» повесі лирикалық көңіл-күйге құрылған шығарма. Бұл шығарманы оқығанда оқырман жүрегінде үлкен сезім күші пайда болып, жанарына жас тығылары айдан анық. Жалпы бұл туынды адамзат баласын гуманист болуға тәрбиелейді, адам атаулыға бір-бірін жақсы көруді насихаттайды. Кедей шаруалар өзінің сол өмірінде де бақытты бола алады деген байламға келеді. Махаббат рахаты жанұялық қуаныш сияқты сезімдерді игере отырып, шаруалардың бақытты өмір сүретіндеріне сенеді. Мейлі олар үстем тап өкілдері болмасын. Қуаныш пен қайғы бай кедей демей жалпы адамзатқа ортақ нәрсе дегенді Карамзин осы повесінде көрсетеді. Жалпы Карамзин шығармалары романтикаға толы туындылар болып келеді. Осындай романтикалық шығармасының бірі «Остров Бронгольм» повесі. Бұл повестің сюжеті Батыстың ерте романтикалық дәстүрі үшін өте қарапайым: екі жас ғашықтың бір-біріне деген заңсыз махаббаты, мөлдір сезімдері беріледі. Сонымен бірге сезім бостандығы, махаббат бостандығы үшін күрес жамандыққа, әділетсіздікке қарсы бағытталады. Аталған повесть арқылы Карамзин өзінің романтикалық сипаттағы шығармасына жаңа стиль енгізеді. «Остров Бронгольм» повесіқұпиясы мол жұмбақ туынды. Біз одан біреулердің бақытсыздықтары мен айырылу қайғысын, әлсіз махаббаттарын көреміз. Бірақ олар кімдер, неғылған жандар, есімдері кім… білмейміз.Олардың кінәлары не, өздерінің арасындағы сезімдерін заң неге талқылайды-бәрі құпия түрде. Мүмкін ол екеуі ағалы-қарындасты жастар? Автор пікірінше бұл құпияның ашылмағаны дұрыс. Егер әуел бастан бәрі белгілі болса, повестің қызығы кетер еді дейді.
1796 жылы жарық көрген Н.М. Карамзиннің тағы бір повесі «Юлия». Бұл шығарма орыс әдебиетіндегі психологиялық және тұрмыс-салт тұрғысынан жазылған алғашқы повестердің бірі. Шығармада мәдениетті ортадан шыққан, әдемі қыз Юлия мен қарапайым ауыл жігіті аристің арасындағы махаббат және үшінші болып, екеуінің арасына кіріскен жоғары лауазымды бай жігіттің іс-қимылы, ойлаған ойы толық суреттеледі. Князь жігіті Юлия мен Аристі бөлугі қанша айла-амал жасағанменақыр соңында Арист пен Юлия бірге бақытты ғұмыр кешеді. Юлия-бұл әйел затының ішкі жан-дүниесінің өсуін көрсететін повесть. Мұнда жеке адамның ішкі сезімі, психологиялық күресі көрсетіледі. Сонымен қабаттаса сол тұстағы адамдардың тұрмыс жағдайы да повесте қамтылған. Сентиментализм әдебиетіндегі өзіндік орны бөлек шығарма «Письма русского путешественника». Саяхат күнделіктері сол дәуірдегі Еуропада ең бір кең тараған әдеби жанр болған. Стерннің «Сентиментальное путешествие по Франции и Италий» атты шығармасы, Радищевтің кітаптары осы аталған жанрға жатады. Сентименталдық саяхаттың негізгі көңіл аударатыны қоғам мен әлеуметті, табиғатты көрсетудегі автордың көңіл-күйінің күйзелісі, ойлауы.
Жанрлық жағынан Карамзиннің «Письмасы» радищевтің «путешествиясынан» немесе Стерннің кітабынан ерекшеленіп тұрады. Крамзин өзінің бұл шығармасында Батыс Еуропа халықтарының мәдениетін, тұрмыс-жағдайын, өнерін нақты береді. Міне қаламгердің жазған туындысының құндылығы осында. Бұлардың барлығы да сентиментализмнің ережелеріне саяды. Сондықтан да орыс әдебиетіндегі сентиментализм ағымына үлкен үлес қосқан көркенті қаламгерлердің бірі болып Н.М.Карамзин табылады.

Осындай әдеби ағымның тағы бір өкіліне жатқызуға болатын адам қазақтың сал-серілерінің бірі-Ақан сері Қорамсаұлы. Ақан да, Біржан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сынды қазақ арасынан шыққан ақын, сері жігіт. Оның тамыры өз халқының ғасырлар бойы жасаған жан тебірентер жүрекке жылы ән -өлең, жыр-толғауларында. Өз халқымен қарым-қатынасы мол халықтар өнерінің шырын-шәрбәтін татып, тамсанып қана қоймай, оның нәрлі дәмін өз лирикасы бойына етене сіңірді. Биік те алғыр романтикаға ұласқан ғашықтыққа құштар сезімі орасан, жүрек тебірентер, жан жадыратар, өміршең лириканы дүниеге әкелді. Оның шығармалары- жастыққа, қарекетке толы өміршең, асқақ туындылар. Ақанның лирикалары-өмірге, болашаққа құштар жастың жан сезіміне, жүрек сеніміне суарылған асыл жырлар. «Біздің көңіл қайда жатыр», «Ішінде орта жүздің жүрмін шарлап», «Майда қоңыр», «Айкөк», «Сырымбет» тағы басқа өлең-әндерінің пафосы өте тамаша. Мұқалу, қажу дегеннің ізі де жоқ. Керісініше өмірге құштар, өжеттілік пен жігерліктің символы дерлік асқақ. Шалқар көлдің жадыраңқы бейнесін танытарлықтай аспан әлемаінде шарықтайды. Халық бойындағы қайраттың көрінісін сездіргендей өктем де өршіл.
Өзінің «Әйелдер сипаты» өлеңінде әйелдердің қасіретін, қайға-мұңын термелей келе, ең жақсы деген әйел жұртына назар аударады, әйелдерді сыйлауға, бағалауға үндейді.

Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын әйел затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы сөзді жақсы қатын.
Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз
Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң…
Шығып кете жаздайды бойыңнан жан -деп әйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді. Ақан өз өлеңдерінде жігіттің он үш түрін сараптап бір шықса, қазақтың бес түрлі әйеліне мінездеме беріп, олардың іскер, ілтипатты, ақ жарқын ақылдарын ардақтап, салдыр-салақ, ұрысқақ-тырысқақ, сар ауыз, жөн-жосықты білмейтіндерін «жаман қатын» деп даттап шығады. Ақан серінің озық пікірлері тек жастар өмірін, не әйелдер еркіндігін жырлаудан көрініп қоймайды. Ақынның басқа шығармалары да оның ашық ойлы саналы талант иесі екеніне куә бола алады. Оның дүниеге көзқарасы өзі жасаған дәуір санасы тұрғысы шеңберінде туып қалыптасты, кейін жетіле келе оның ілгері сатысына көтерілді, озық ойлы, адал жанды азамат ақын дәрежесіне жетті. Ол қоғам өмірі туралы терең толғанып, езілген елмен бірге күңіренеді. Өзінің «Заманға қарап», «Халқым сенген», «Асыл мен жасық» тағы басқа өлеңдерінің әлеуметтік мәні зор. Аталған туындыларда ақынның саяси -әлеуметтік қоғамдық көзқарасы прогресшіл, ең алдымен, адамгершіл екені анық байқалады. Оқу-өнер, білім мен жастар еркіндігін, махаббат азаттығын көксеген ақынның басқаша болуы мүмкін емес. Әр тұста елі, халқымен бірге заман зардабын бірге тартты. Азаттықтың тура жолын іздеп жарғақ құлағы тыным таппады.

Болғанда мұндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болы, би ет пен майға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз…
Ел тізгінін ұстағандарды ақын осылайша дәл түсініп, әділет табу үшін бұлардан еш қайыр болмасына көзі жетеді.

Ақынның «Шоғырмаққа», «Парашыл оязной», «Бір болысқа» тағы басқа өлеңдері қазақ арасындағы болыстық билікті сынауға арналады.

Ақан серінің ғашықтық лирикаларының бір тобы белгілі адамдарға арналады. Аттары аталып, түстері түстелетін өзінің ғашықтары: Ақтоты, Ұрқия, Жамал тағы өзгелері. Бұл саладағы ақын шығармалары бастан өткен қасіретті жайларды, сәтсіз армандарды асқақтата әнге қосса, «Нұрила», «Балқадиша», «Мақпал қыз», «Ақшабақ» тағы басқа аттас сұлулармен жай тілдесіп, олардың бас қайғыларына ортақтасады.

Сұлуға деген ақын көңілі мөлдір. Оған салса махаббатқа ешбір кедергі, тежеу болуға тиіс емес. Ақан туындылары жастардың махаббат еркіндігін ту етіп аспанға көтеренін асқақ арманның ойы мен күні. Бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының көз жасына суарылған мұңы мен мүддесінің қайнары. Сүйіскен екі жастың дегендеріне жеткен шақтарын табиғи жырлайды.

Қарағым құшақтасам құмарланып,
Қоыслағн қос ғашықтай жұбайланып.
Жан тынып ішімдегі жалын шықса,
Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып…
Ми -тамыр, ақыл-ойдан арман қалмай,
Мастансам қызуыңа тым алданып.
Көтеріп гүл-бәйшешек көңіл күліп,
Семірсе нәпис мұрат бір жалданып…

Әрине бұл жолдарға қарап Ақанды қыз қуып, тән құмарлығын ғана қызықтаған жетесіздердің бірі деп ешкім ойламайды. Ол өмірдің өзіне қызығып, құмартудың белгісі. Ақанның махаббат мәселесіндегі кредосы-өзіне барлық жағынан тең, ойы-бойы қатар, шын жүрегінен берілген, сертке берік адал жармен айырылмас ғұмыр кешу. Көрінген көріктіге көз тастап, жеңілтектік мінез көрсетуге қарсы. Дегенмен Ақан сұлулықты көре де, бағалайда білетін жігіт.

Жалпы Ақан серілікке, махаббатқа өмір қызығы деп қарап, әдеміліктің мәңгілік әсерінардақтайды. Ақының әндері мен өлеңдері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Оның есімі-мәңгі жастықтың символы. Лирикалық шығармалары-әдемілік пен махаббаттың асыл өрнектері, поэтик образдың сарқылмас көзі. Ақанның бойын билеп, жүрегінен жарып шыққан әндері мен өлеңдері нағыз сентиментализм. ХІХ ғасырдағы қазақ даласында лириканың тамаша үлгісін көрсетіп, сыр сезімнің, мөлдір махаббаттың, жан дүниенің ішкі сырын ашып берген сал-серілер поэзиясы бүгінгі күнде көркем әдебиеттің төрінен орын алғаны анық. Сонымен ойымызды түйіндей кететін болсақ, сонау ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырларда дүниеге келген, Еуропа әдебиетінде кең етек жайған сентиментализм ағымы біздің қазақ әдебиетінде де оның ішінде сал-серілер шығармаларында да кездескенін айтқан жөн. Ал оырс әдебиетінде сентиментализм ағымына қалам тербеген жазушылар ішінде Карамзинге қатар келер адамдар аз. Дегенмен де Радищев, Фонвизиндерді де аьталмыш ағымға өзіндік үлес қосқан жазушылар қатарына қосқан абзал. Бұл аталған барлық жазушылар болсан, ақындар болсан, сал-серілер болсын түгелінің түпкі ойы бір. Ол адамның ішкі сезімін, жүрек үнін, жан дүниесін ашып көрсету. Тебіреніс пен сезімге толы, қуаныш пен мұңға толы туындыны жарыққа шығару. Осы жолда қазақтың сал-серілерінің жоғарыда айтып өткендей тер төккені рас. Біржан мен Ақанның, Жаяу Мұса мен Балуна Шолақтың лирикаға толы ән-өлеңдерінің маңыздылығы мен көркемдігі Карамзиннің немесе Стерннің шығармаларынан бірде-бір кем емес. Бұлардың бәрі де өз дәуірі туғызған тамаша туындылар.

0 дауыс

1.Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) — қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең — жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс — тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.

2(1)Ақан сері - тек әнші-композитор ғана емес әрі үлкен лирикақын.Әсіресе оның көп өлеңдері –

сүйіспендікке арналған махаббат лирикасы. Жасынан сұлулықты

сүйе білген сері ақын жастық өмірдің сан алуан қызығына , сүйіспендік мәселесіне

арналған лирикалық өлеңдерін ән сазына салып шығарды. Махаббат бостандығын көксеген

сиқырлы сырлы өлеңдер жастардың көңіліне қона кетті .Жастық шақтың жүрек толқынын ,

жан сезімін Ақан сөз арқылы толғады . Ақан даңқы әнімен ғана емес , « Ақ көйлек » тәрізді

әдемі лирикасымен де шықты .

Бірқатар өлеңдері заман

туралы ақынның көзқарасын, ой-сезімін көрсететін саяси лирикалар тобына жатса,

бір алуаны, тіпті көпшілігі дерлік, махаббат, достық, жастық тақырыбындағы

лирикаға жатады.

Өлеңдеріне қарағанда, Ақанның эстетикалық сезімі, талғамы өте

нәзік, өте күшті. Өмірдегі не сұлу, не әдеміліктердің бәрі де Ақанның

ой-сезімін толқытып, жанына сусын береді. Ақынды әдемі табиғат та, алғыр қыран

да, жүйрік ат та сұқтандыра қызықтырып, сұғына жырлатады. Сезімін оятқан әдемі,

көркем құбылыстардың қай-қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Оның

«Ақиық пен ақ түлкі», «Ақ көйлек», «Сұлу қызға» т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты

машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын аңғарылады. Ақын адамның түсі де, ісі де,

жаны да сұлу болуын тілейді.

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,

Алдымнан сен бір шыққан марал-дағы.

Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,

Шарықтап ақиықша Оралдағы…

Оның балау (метафора), теңеу үшін алып отырған ақ түлкі, ақ

маралдары - өмірде сирек кездесетін, оңайлықпен қолға түспейтін сүйкімді

хайуанаттар. Ендеше, ақынның да арман еткен сұлуы - оңайлықпен қолға түспейтін

жан. Бірақ Ақан күдерін үзбейді, қияға қол созып, қиыннан тоят іздейді. Бұл оған

сүюшіліктің бір шарты тәрізді көрінеді.

2.(2) Құлагердің жау қолынан қаза табуы Ақан өміріндегі үлкен трагедия.

«Құлагер» - халыққа көп тараған Ақанның ең даңқты өлеңінің

бірі. Жаулары соққыға жығып, мерт қылған атын іздеп табады да, басын ұстап

отырып, Ақан сол жерде-ақ атына арнап ән және өлең шығарады. Бұл кейін «Құлагер»

әні аталып кетеді. Тегі жағынан «Құлагер» күйініш лирикасына жатады. Өйткені оқиғаға

ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі

күйінішін суреттеу жағы анағұрлым басым.

«Құлагер» өлеңінде Ақан атының өлімімен байланысты өз

басындағы ауыр халді өте шебер бере білген. Атын жақсы көретіндігі де, зорлықшыл

үстем тап өкілдерінің жауыздық қиянатына қарсы іште қайнаған ыза, кегі де,

аяулы жануардың өлуімен байланысты оның күйініші де өлеңнің әр образынан-ақ байқалады.

Құлагер мерт болды деп алғаш естігенде, Ақанға ол жай түскендей

қатты әсер еткен. Ақын сол секундтағы күйінішінің ең шарықтау шегіне жеткен

жерін:

Құлагер мерт болды деп естігенде,

Жұлдым да сақалымды, ойбайладым, -

деп суреттейді.

«Құлагер» өлеңінің екінші бір құнды

ерекшелігі ақынның өз басында болған психологиялық өзгерістерін көркем бере

алуында. Сонымен қатар ақын атының портретін де, жүйріктік қасиетін де өте

шебер түрде суреттейді.

Ақынның «Құлагерін» оқығанда, оқушылар Ақанмен бірге күйініп,

оны шексіз аяп, аяулы жануарды мерт қылған жауыздарға лағынет айтып отырады.

Екі рулы елдің мақтаны болған жазықсыз өлтірушілердің зұлымдығына зығырданы қайнайды.

Өлеңде сезілетін ақынның азалы үні, қасірет-қайғысы, қатты күйініші баршамызға

ортақ; ол - қараниет арам жауға мәңгі өшпес лағынет таңбасы, халық қарғысы. Өлеңді

зер салып оқыған сайын зорлықшыларға қарсы ашына түсеміз.

Қорыта айтқанда, Ақан - өз кезіндегі ірі ақынның бірі. Ол әлеумет

өміріндегі әртүрлі мәселелерді тақырып етіп, ел басындағы қысымшылықты көре

білді. Ол қазақ поэзиясына өшпес еңбек етіп, адамның күйініш-сүйінішін

суреттеудің үлгілі, өнегелі туындыларын қалдырды. Жастардың эстетикалық сезімін

оятып, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелейді. Ақан - ақын ғана емес, ірі әнші,

дарынды композитор. Оның жан сезіміңді тербететін әйгілі әдемі әндері бар. Ақан

әні қазақ халқының рухани сусыны болып келеді. «Сырымбет», «Үш тоты», «Құлагер»,

«Қара торғай» тәрізді ән шоқтығы қазақ еліне тегіс жайылып, әннің авторына,

талантына бас игізді. Көп әнші, композиторлар Ақан әнін өздеріне үлгі етті. Ақанды

ұстазы деп таныды. Бұл жағынан да Ақан - кейінгі ұрпаққа қымбат. Ақан әндері қазақтың

опералық искусствосынан кең түрде орын алды. Ақан еңбектерінің бұл жақтары оны

біздің сүйікті ақынымыз ғана емес, ардақты композиторымыз етті. Оның қалдырып

кеткен асыл мұрасы - халқымыздың игілікті қазынасы.

...