Заң | 173 қаралды
173 қаралды
Мен мемлекеттік мекемеде бухгалтер болып жұмыс істеймін. Менің білгім келгені, егер қызметкер еңбекке жарамсыздық парағын басқа қаладан алып келсе, оған осы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлей аламыз ба? Өзге қаладан алынған анықтама жарамды бола ма?

1 жауап

ҚР Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеуге мiндеттi. Республика Үкiметi бекiткен тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық туралы анықтама соған сәйкес әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу үшiн негiз болып табылады. Әлеуметтік жәрдемақы тәртібі және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау Үкіметтің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1339 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес айқындалады. Ереженің 5-тармағына сәйкес, жәрдемақы еңбекке қабілетсіздігінің алғашқы күнінен бастап еңбекке қабілеті қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектігін белгілегенге дейін жұмыс істейтін орны бойынша төленеді. Еңбекке жарамсыздық туралы анықтаманың қай мекенжай бойынша алынғаны маңызды емес.
Жақсы Жауап
118,416 сұрақ
305,352 жауап
153,301 пікір
67,791 қолданушы